18.10.2023, 15:26 17136

Трансплантациялау үшін адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды
Трансплантациялау үшін адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Depositphotos
Алматы облысының полиция департаменті прокуратураның үйлестіруімен адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерімен 22 фигурант (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) жеткізілді.

Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды ресімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен. Келісім сомасы 6-10 миллион теңгені құрады, осындай сегіз факт анықталды.

Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны