31.10.2024, 11:29 29636

Қылмыстық топ витаминдер түрімен жасырылылған анаболиктерді, стероидтерді Қазақстанның арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткен

Қылмыстық топ витаминдер түрімен жасырылылған анаболиктерді, стероидтерді Қазақстанның арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткен
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.

Бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығы) Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды.

206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді.

Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны