14.01.2025, 09:52 7166

Қызылорда облысында полиция қызметкері ақбөкендерді атқан

Қызылорда облысында полиция қызметкері ақбөкендерді атқан
Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз аң аулауға шығып, киіктерді автокөлікпен қуып, жануарлар табынына оқ атқан, деп хабарлайды Қызылорда облысы соттарының баспасөз қызметінен.

Олардың көлігін табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары тоқтатқанда, көлік ішінде 30-дан астам киік еті, 5 киік басы барын анықтаған.

Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қару-жарақ пен көлікті қолдана отырып, айтарлықтай зиян келтіріп, жануарларды заңсыз аулады деп айыпталған екі адамға қатысы қылмыстық істі қарап (ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2-тармағы), олардың қылмыстық іс-әрекеттерінің құжаттармен расталғанын көрсетті.

Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.

Бір сотталушының жазасын ауырлататын мән-жаулар ретінде оның ішкі істер органдары қызметкерінің антын бұза отырып, құқық бұзушылық жасағаны танылған.

Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

◾️ Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.

◾️ Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны