13.02.2024, 19:57 38021

Қызылордада жасөспірімнің денесі табылды

Аталмыш факті бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды
Қызылордада жасөспірімнің денесі табылды
Сурет: polisia.kz
12 ақпанда Қызылорда қаласының Белкөл кентінің медициналық мекемесіне кәмелетке толмаған баланың денесі жеткізілді, деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Аталмыш факті бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Кейінірек мектеп директоры мен меңгерушісі тәрбие жұмысының жеткіліксіздігі үшін жұмыстан босатылды деген ақпарат пайда болды. "Мектеп директоры мен орынбасарының жұмыстан босатылуы 12.02.2024 жылғы орын алған бала өлімімен аяқталған оқиғаға байланысты емес екендігін және аталмыш тұлғалар қызметтік міндеттерін толық атқара алмағандықтарынан жұмыстан босатылғандығын хабарлаймыз", деп мәлім етті Қызылорданың білім басқармасынан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны