26.02.2025, 15:12 1826
Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді
Достарға айту
Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу фактісінің жолын кесті. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жүргізген арнайы операция барысында Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық тас жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру кезінде көліктегі 51 жастағы жолаушының жанынан 1,5 келі гашиш есірткісі табылды.
Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны аталған тыйым салынған затты Шу ауданының 47 жастағы тұрғынынан 170 000 теңгеге сатып алғанын мойындады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, оның Шу ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны екені белгілі болды.
Полицейлер оның үйінің ауласын тінту кезінде Макс атты қызметтік иттің көмегімен жасыл түсті өсімдік қалдықтары салынған ыдыс пен елек табылды.
Сонымен қатар күдіктінің үйінің қарама-қарсы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимаратты тексеру кезінде жалпы салмағы 26 келіден асатын гашиш пен 143 келіден астам кептірілген марихуана салынған полиэтилен қаптар тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері есірткі тасымалына қатысты қылмыстық тізбекті толықтай ашу мақсатында тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.02.2025, 15:30 1916
Есірткі контрабандасын жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Достарға айту
Есірткі контрабандасын жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ірі мөлшерде гашиш есірткі құралы мен мефедрон психотроптық затының контрабандасы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Тәжікстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
2022 жылдың тамыз айында күдікті Қостанай облысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тыйым салынған заттарды тасымалдамақ болған кезде шекара қызметкерлері ұстаған.
Күдіктінің жеке басын ескере отырып, тергеу органы оған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын таңдаған.
Алайда ол бұл жағдайды пайдаланып, белгіленген жауаптылықтан құтылу үшін тергеуден жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланды.
2024 жылдың мамыр айында күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2025, 15:07 2076
6 жылдан астам уақыт жасырынып жүрген кісі өлтіруші Қырғызстанда ұсталды
Достарға айту
6 жылдан астам уақыт жасырынып жүрген кісі өлтіруші Қырғызстанда ұсталды, деп хабарлайды POLISIA.KZ.
ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.
Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2025, 15:05 2341
Астанада "Жұлдызай" және "Аяулым" қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды
Достарға айту
Астанада "Жұлдызай" және "Аяулым" қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚМА-нің баспасөз қызметінен.
Тергеп-тексеру ісі Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен жүргізілді.
Тергеу барысында күдіктілер өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкерлер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерлерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынғаны анықталды.
Инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асатыны айтылды.
Сонымен қатар, салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10% қосымша пайда алған.
Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асты.
Сонымен қатар, күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып, қайынен есіне ресімдеген.
Алайда сотқа дейінгі тергеу басталғанын білген соң, мүлікті тәркілеуден жасыру мақсатында үшінші тарапқа рәсімдеп үлгерген.
Дегенмен, тергеу барысында бұл мәміленің жалған екендігі дәлелденіп, сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды.
Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 млн теңге көлемінде шығынды өтеді.
Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы ("Қаржы пирамидасын құру және басқару"), ал күдіктілердің бірі қосымша ҚР ҚК 218-бабы 1-бөлігі ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру") бойынша кінәлі деп танылды.
Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2025, 12:58 13006
Жетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды
Достарға айту
Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасынан.
Өткен жылдың қыркүйек айында "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, "УАЗ" қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды.
Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтаудың және сирек кездесетін жануарларды қорғаудың маңыздылығын еске салады.
Осындай құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2025, 10:55 13246
Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды
Достарға айту
Аққулы ауданы Ертіс өзенінің жайылмасында прокуратураның координациясымен заңсыз ағаш кесумен айналысқан тұлғалар тобы ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облысының баспасөз қызметінен.
Ұсталғандардың бірі Павлодар облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі және 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында полиция қызметкерлері ұрланған ағаштар мен қылмыс құралдарын тәркіледі.
Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құрады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 13:20 24701
Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды
Достарға айту
Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратурадан.
Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ҚР азаматына қатысты үкім шығарды. Ол есірткі затын - "гашишті" заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталған.
Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні кейін сатуды жоспарлаған.
Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдарының жедел жұмысының арқасында Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол берілмеді.
Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 13:02 25056
Қызылорда облысында жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген
Достарға айту
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті.
Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген.
Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:55 25126
Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу мүмкіндігінен айыру фактісі анықталды
Достарға айту
Қала прокуратурасы мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық ауыратын науқастарды, олардың ағзасында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, оларды медициналық ұйымдарға жібермеу тәжірибесінің жолын кесті, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасынан.
Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.
Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.02.2025, 10:232024 жылы әлеуметтік-еңбек саласында 1,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілді 26.02.2025, 14:54 3916Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді26.02.2025, 14:59 3626Премьер-министр әділет органдарын цифрландыру арқылы артық шығындарды қысқартуды тапсырды26.02.2025, 15:16 3166Прокуратура компанияның 1,3 млрд теңге салық төлеуден жалтару әрекетінің жолын кесті26.02.2025, 15:22 2926Мұнай-газ саласында барлау және өндіру бағыты бойынша біліктілік пен стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
24.02.2025, 13:17 59376ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссия Қостанай спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді24.02.2025, 12:59 592862025 жылдың басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды24.02.2025, 13:22 59201Ақмола облысында бопсалаудың тіркелуі 36%-ға қысқарды23.02.2025, 21:41 51156Риддерде жылу жүйесін жаңарту және тасқынға дайындық жұмыстары жалғасуда24.02.2025, 11:13 46816Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады
13.02.2025, 08:03 267456ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 258556Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 205126Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 166636Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 166366Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады