04.12.2024, 14:02 5616

Жамбыл облысында сот шектеулерін сақтамағаны үшін 100-ге жуық адам бас бостандығынан айырылды

Жамбыл облысында сот шектеулерін сақтамағаны үшін 100-ге жуық адам бас бостандығынан айырылды
Жамбыл облысының прокуратурасы "Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету" жобасын іске асыру барысында облыс бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметімен пробациялық бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ, ауыр бұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақтылы ұсыныстарды жолдамау фактілері анықталды.

Сот үкімдерімен белгіленген шектеулердің орындалуын талдау нәтижесінде есепте тұрған тұлғалармен қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны, бақылаудағы аумақтан шығу жағдайлары анықталды.

Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолданды, олардың 15-і сотпен қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 азамат бас бостандығынан айырылды.

Бұл шаралар қайталама қылмыстардың төмендеуіне және криминогендік жағдайдың жақсаруына ықпал етті.

Пробациялық бақылау саласындағы аталған кемшіліктер облыс әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшыларының қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесінде қаралды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны