29.09.2023, 17:32 27396

Жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді

Шенеуніктің әрекеті нәтижесінде мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жасырын іс-шаралар мен жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы әшкереленді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деп күдіктелуде.

Шенеуніктің әрекеті нәтижесінде мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны