06.10.2023, 19:13 37331

Жетісу облысында мемлекеттік сатып алу саласындағы бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Тек биыл Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатты
Жетісу прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 74 лауазымды адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тек биыл Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатты.

Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалады, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар  және т. б. жарияланған.

Тағы 85 млн теңгеге сатып алулардың алдын алды, олар бойынша мемлекеттік органдар «бір көзден алу» тәсілімен негізсіз қорытынды жасауға тырысты.

Тек бір Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округтердің әкімдері бар.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алуды бұзу) бойынша жалпы сомасы 13 млн теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны