11.03.2024, 17:22 39121

Жетісу облысында полиция ақбөкен мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жетісу облысында полиция ақбөкен мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі
Сурет: IIМ
Жетісу облысында полиция ақбөкен мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті өкілдерімен бірлесіп Жаркент қаласы көшелерінің бірінде Mitsubishi Galant көлігін тоқтатқан.

Автокөліктің салоны мен жүксалғышында ақбөкен мүйізі бар 6 қорап пен сөмкелер табылды. Олардың жалпы саны 1382 бірлікті құрады. Сирек кездесетін жануарлардың дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды", - деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.


Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны