06.09.2024, 16:42 28896

Өзін әкімнің орынбасары ретінде таныстырған: кәсіпкерден 50 млн теңге иеленген алаяқ сотталды

Өзін әкімнің орынбасары ретінде таныстырған: кәсіпкерден 50 млн теңге иеленген алаяқ сотталды
Кәсіпкерден 50 млн теңге иеленген алаяқ сотталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.

Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А. Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды.

Ол ұялы телефонға қол жеткізе отырып, облыс әкімінің орынбасары ретінде өзін таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлерінің атына қоңырау шалған.

Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны