16.11.2021, 19:49 63756

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет АӨК субсидияларын ұрлау фактілері бойынша 65 қылмыстық істі тергеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет АӨК субсидияларын ұрлау фактілері бойынша 65 қылмыстық істі тергеуде
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 16 ҚАРАША - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру схемаларын тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгін X Азаматтық форум барысында Агенттік төрағасы Марат Ахметжанов хабарлағандай, соңғы 5 жылда АӨК субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. 
 
М. Ахметжанов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзіндік моделін қалыптастыруға мүмкіндік берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріндегі жұртшылықтың рөлі туралы айтып берді.
 
Атап айтқанда, ол сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесін жетілдіру туралы, сарапшылар ретінде азаматтық қоғам өкілдері шығатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтының жұмысы туралы, бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын енгізу және квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтерді енгізу туралы атап өтті.
 

Агенттік сыбайлас жемқорлықты жеке дара жеңе алмайтынын түсіну маңызды болып табылады. Барлық азаматтық қоғамды белсенді тарту қажет. Сондықтан қоғамдық белсенділік алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеу кезінде ерекше маңызға ие болды", - деді М. Ахметжанов.

 
Тұжырымдаманы әзірлеуге бей-жай қарамайтын азаматтар мен ҮЕҰ өкілдерінің белсенді қатысуымен дайындалғанын атап өткен жөн.
 

Қазір тұжырымдама парасатты қоғамды қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмауға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын, бюджеттік процестердің транспаренттілігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге бағытталған 6 негізгі блокты көздейді", - деп атап өтті Агенттік Төрағасы.

 
Сонымен қатар, М. Ахметжанов жобалық басқаруды енгізудің маңыздылығы туралы айтып берді, бұл лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін дербестендіруге және нақты және өлшенетін көрсеткіштерді белгілеуге мүмкіндік береді. Яғни нәтижеге шоғырлану.
 
Өз сөзін қорытындылай келе, Агенттік Төрағасы қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық схемалар мен жасырын ұрлықтарды ашуға баса назар аударғанын, бұл ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
 

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 қылмыстық істі тіркеді. 18 адам күдікті деп танылды. Оның 14-і қамауда. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда", - деді М.Ахметжанов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны