14.02.2022, 18:31 13721

Ақшолақов цифрлық майнингті электр энергиясы тапшылығының негізгі себебі деп атады

Ақшолақов цифрлық майнингті электр энергиясы тапшылығының негізгі себебі деп атады
НҰР-СҰЛТАН. 14 АҚПАН - Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде майнинг және оның энергия жүйесіне әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі өзін-өзі теңгерімдеп жұмыс істеуде. Бұл ретте, ең жоғары жүктеме сағаттарында энергия жүйесінде электр қуатының тапшылығы байқалуда, бұл энергия өндіруші ұйымдар жабдықтарының авариялық тоқтатылуының жиілеуіне, сондай-ақ қосылған қуаттың күрт өсуіне байланысты. Қажеттіліктің өсуінің негізгі себебі – цифрлік майнинг субъектілерінің қызметі", - деді Ақшолақов.

 
Оның айтуынша, cтатистикалық талдау көрсеткендей, 2021 жылға дейін, елде мұндай майнерлер болмаған кезде, электр энергиясын тұтыну жылына орта есеппен 2%-ға өскен болатын. 2021 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтыну өсімі бұл көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсті және 6,1% құрады. Ал БЭЖ-дің оңтүстік аймағында бұл көрсеткіш 12% құрады. 
 

Қазіргі уақытта халық үшін энергия шектеуге байланысты ауыр салдарға жол бермеу мақсатында Жүйелік оператор күнделікті негізде барлық қажетті шараларды қабылдауда. Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізді", - деді министр.

 
Ол атап өткендей, қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары электр энергиясы нарығын "көлеңкелі" цифрлық майнинг субъектілерінен тазартуға бағытталған тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны