27.06.2024, 19:44 21611
"Қазақстан - Қытай" форумында $629 млн-ға ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 26 маусымда Үрімші қаласында (ШҰАА, ҚХР) өткен "Қазақстан - Қытай" III аймақаралық форумына қатысты. Іс-шарада $629 млн-ға ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Осы ірі диалог алаңында Қазақстан мен Қытай өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, көлік, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Форумға Қазақстанның 17 облысының, ірі компаниялары мен іскер топтарының және ҚХР-дың 27 өңірінің өкілдері қатысты.
Серік Жұманғарин іс-шараның ашылуында Қытай Қазақстанға инвестиция салу көлемі бойынша төртінші орында тұрғанын айтты.
Қазақстан мен Қытай арасында қарқынды аймақаралық өзара іс-қимыл жасауға барлық жағдай жасалған. Сонымен бірге инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері үшін үлкен әлеует бар", - деді вице-премьер.
Форум аясында $629,1 млн-ға 17 құжатқа қол қойылды. Олардың ішіндегі ең ірілері: Алматы облысы мен "TBEA" ААҚ арасында 10 қосалқы станса мен электр жеткізу желілерін салу және жаңарту, электр жабдықтарын өндіру зауытын салу туралы келісімдер, күнбағыс майын жеткізу бойынша үш келісімшарт, "Qazaq Camel" ЖШС мен Xinjang Huaken Dairy Group Co ltd арасында құрғақ түйе сүтін жеткізу туралы келісімшарттар және басқалары бар.
Сол күні Үрімшіде "Экспо Қытай - Еуразия" халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл нарыққа бағытталған сегізінші кәсіби бренд көрмесі. Оның ашылуына Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметтерінің басшылары, Қазақстан мен Тәжікстан Премьер-Министрлерінің орынбасарлары қатысты.
Серік Жұманғарин көрменің ашылуындағы алғы сөзінде Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың "алтын 30 жылдығының" жаңа парағы жаңа амбициялық мақсаттар қойып отырғанын атап өтті. Олардың бірі - өзара тауар айналымын $100 млрд дейін жеткізу.
260 шаршы метрлік қазақстандық павильон "ЭКСПО Қытай - Еуразия" көрмесінде қонақтар павильондары арасындағы ең ірісі болды. Мұнда 42 отандық компанияның экспорттық тауарлары орналастырылған. Біздің еліміз негізінен азық-түлік өнімдерін ұсынды. Қазақстандық павильонның ұйымдастырушысы Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.07.2024, 16:12 2866
Қазақстанда ірі-қара малдың саны 2 млн басқа азайды: АШМ деректерді өзектендірді
Достарға айту
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығындағы статистикалық мәліметтерді жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығын дамытудағы жүйелі проблемалық мәселелердің бірі - қала, кентжәне ауылдық округ әкімдері жүргізетін шаруашылық есебінің негізінде қалыптастырылған мәліметтерді пайдалануға байланысты салалық статистиканың бұрмалануы.
Қате кіріс деректері нарықтағы өнім тапшылығы, артық өндіріс, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі және басқа да жағымсыз салдарлар сияқты күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.
Саланың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді сәйкестендіру жұмыстарын аяқтады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны бағытындағы әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректерін өзектендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, ірі қара мал басы шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны - 14% -ға, ешкі - 20%, шошқа - 34%, үй құсы - 22%, тірі салмақтағы ет өндірісі - 15%, тауық жұмыртқасы - 10%қысқарды.
Тиісті деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттырады.
Дәл осындай жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізілуде, оны 2024 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2024, 20:29 21206
Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға шамамен $2 млрд бөледі
Достарға айту
OPEC халықаралық даму қоры ұйымдастырған форумда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Араб координациялық тобына кіретін ислам даму институттарымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму банкі арасындағы негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Келісім биыл су шаруашылығы және көлік салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестициялар тарту туралы бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді бекітті. Осы мақсатта Ислам даму банкі $2 млрд дейін қаржы бөледі.
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындады. Олардың ішінде су қоймаларын, бөгеттерді, ирригациялық каналдарды, контрреттеушілерді және ілеспе инфрақұрылымды салу және реконструкциялау жобалары бар. Көлік министрлігі ұзындығы 500 шақырымнан астам республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша 4 жобаны ұсынды.
Келісім табысты іске асыру және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен жобалардың орындалу барысына тұрақты консультациялар мен мониторинг жүргізуді көздейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2024, 16:25 27991
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы өсім көрсетуде
Достарға айту
2024 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді тасымалдаудың оң қарқыны байқалды. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4% ұлғайып, 12,8 млн тоннаны құрады. Оның ішінде ҚХР бағытында қазақстандық жүктердің экспорты 1 млн тоннаға, яғни 5,7 млн тоннаға дейін өсті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Металл кені 37 мың тоннаға (3,3 млн тонна), көмір 79 мың тоннаға (82,5 мың тонна), қара металл 296 мың тоннаға (447 мың тонна), мұнай 90 мың тоннаға (125 мың тонна), химиялық жүк 21 мың тоннаға (43 мың тонна) өсті. Ұнтақ өнімдерінің (282 мың тоннаға дейін) және түсті металдардың (279 мың тоннаға дейін) экспорты 50% артты.
Осы жылдың 5 айында 81,3 мың тонна өсімдік майы тасымалданды, бұл 2023 жылдың ұқсас көрсеткішінен 28% артық.
Теміржол тасымалы - Қазақстан мен Қытай, сондай-ақ ҚХР мен Еуропа арасындағы жүктерді әкету мен әкелудің ең сенімді де қауіпсіз тәсілі. Елдер "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында ынтымақтасады. Республика арқылы автотехника, тоқыма, құрылыс материалдары, өсімдік майлары, металл кені, химиялық құралдар мен медициналық жабдықтары бар вагондар өтеді. Жүктер Қазақстан - Қытай шекарасының Достық - Алашаңқай және Алтынкөл - Қорғас теміржол өткелдерінде өңделеді, жалпы тасымалдау қуаты жылына 28 млн тонна.
Бақты-Чугучак үшінші теміржол өткізу пункті іске қосылған кезде Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымалдау көлемі жылына 48 млн тоннаға дейін өседі. Еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту үшін ҚТЖ 1300 км жаңа темір жол салады, оның ішінде биылғы жылы Достық - Мойынты екі жолды желісі пайдалануға беріледі, бұл учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2024, 17:35 32591
Қазақстан екі жылдық үзілістен кейін Қытайға сиыр етін экспорттауды қайта бастады
Достарға айту
2024 жылы ҚР АШМ аусыл бойынша шектеуді алып тастағаннан кейін «Meat Processing and Service» ЖШС ҚХР-ға 20 тонна сиыр етін экспорттады, деп хабарлайды ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын Алматы облысында 2009 жылдан бері жұмыс істейді және ІҚМ мен ҰҚМ етін қайта өңдеу мен консервілеуге, бордақылауға және союға маманданған. Компанияда мал басы 1,2 мыңнан асады, бір мезгілде 3 мың бас мал ұстайтын бордақылау базасы бар.
Ет өңдеу кәсіпорнының өнімділігі 10 сағатта 200 бас ірі қара, 1000 бас ұсақ мал. Еттің көтерме саудасы Иран, Оман және Бахрейнде жолға қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, Қытай Халық Республикасының аусыл ауруына 2020 жылы енгізген уақытша шектеулері 2024 жылдың 7 ақпанында алынып тасталды.
Тыйым салуды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапарынан кейін қабылданды, оның барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өтті.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бірқатар келіссөздер жүргізді, ал 2023 жылғы қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР Бас кеден басқармасының төрағасы Юй Цзяньхуамен ресми кездесу өткізді.
Қытай тарапы құс тұмауы мен аусыл бойынша қауіптерге баға берді. Желтоқсан айында ҚХР Мемлекеттік техникалық университеті мен Қытай Ауыл шаруашылығы және Ауыл істері министрлігінің сарапшылар тобының Қазақстанға сапары шеңберінде жоғарыда аталған ауруларға жеткілікті бақылауды қамтамасыз ету мәніне ветеринарлық қызметтің жұмысына аудит жүргізілді.
Соңғы 3 ай ішінде отандық кәсіпорындар экспорттық тауарлар желісін кеңейту, елдің барлық аумағынан кәсіпорындарды экспорттауға жіберу, Қытай импорттаушыларының тізіліміне енгізу бойынша ветеринарлық талаптарды келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізді.
ҚР АШМ ҚХР-дағы қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар тізімін кеңейтуді жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2024, 12:48 33806
ҚазМұнайГаз жыл басынан бері Каспий құбыр консорциум жүйесі арқылы 3,5 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады
Достарға айту
2024 жылдың бірінші тоқсанында Каспий құбыр консорциум жүйесі арқылы 3,57 млн тонна ҚазМұнайГаз мұнайы тасымалданды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (3,39 млн тонна) тасымалданған мұнай көлемі 5,3%-ға өсті.
Еске сала кетсек, Каспий құбыр консорциумындағы ҚазМұнайГаздың үлесі 20,75% құрайды.
2023 жылы КҚК мұнай тасымалдау көлемі бойынша 63,5 млн тонна - рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін атап өткен жөн.
Жалпы, 2024 жылы бірінші тоқсанда КҚК арқылы 17 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды, яғни былтырғы бірінші тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда (16,3 млн тонна) 5%-ға жоғары.
Толығырақ ҚМГ-ның 2024 жылдың бірінші тоқсандағы өндірістік көрсеткіштері туралы баспасөз хабарламасынан оқи аласыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2024, 21:25 37246
Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн теңге инвестиция тартылады
Достарға айту
Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн теңге инвестиция тартылады, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамып келе жатыр.
Экономиканың барлық дерлік саласында өсім байқалғанымен, кейбірінде өсу қарқыны төмен болып отыр. Оның себебі - елімізде орын алған су тасқынының салдарынан бірқатар өңірде сауда, көлік, құрылыс салаларының өсу деңгейі баяулады. Себебі, жолдар бұзылды, логистика қызметіне зардабы тиді. Жалпы, соның есебінен сауда-саттық баяулады, жүктерді жеткізу процесі баяулап, кейбір аймақтарда құрылыс саласы да тұрып қалды.
Қазіргі біздің жүргізіп отырған экономикалық саясатымыздың басты мақсаты - экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өсу қарқынын арттыру. Ол үшін Үкімет нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн теңге инвестиция тартылатын болады. Оның ішінде 7 трлн теңгесі бюджеттік емес көздерден тартылады, ол - жеке инвестициялар, квазимемлекеттік холдингтердің, ұлттық холдингтердің инвестициялары және шетелдік инвестициялар. Сондай-ақ отандық банктер мен қаржы ұйымдарының инвестициялары бар", - деді вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2024, 20:59 37406
Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді
Достарға айту
Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бір аптадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының жағдайы сенбі, 22 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды.
10 тауар тобына бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда: қарақұмық жармасы - 0,9%, күнбағыс майы - 0,5%, қырыққабат - 0,4%, сиыр еті, тұз және қант - 0,3%, күріш - 0,2%, макарон, сүзбе және ұн - 0,1%. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, баға 8 облыста төмендеген, оның ішінде Ұлытау (0,8%), Ақтөбе (0,6%) және Атырау (0,5%) облыстарында айтарлықтай арзандады. Жалпы, бір апта ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексінің төмендеуі - 0,1%. Бұл көрсеткіш төртінші апта қатарынан тіркеліп отыр. Бір айда динамика 0,3% құрады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлерде ерте өнім жинау келісімшартының барысын айтты. Үш мегаполис - Астана, Алматы, Шымкент - маусымаралық кезеңде көкөністерді тұрақты бағамен жеткізу үшін елдің жеті өңірінен ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тікелей келісімшарттар жасай бастады.
Астана қазірдің өзінде 15 мың тонна көкөніске: картоп, пияз, қырыққабат, сәбізге форвардтық келісімшарттар жасасты. Шымкент - 7,5 мың тоннаға, Алматы - 16 мың тоннаға. Жеткізу маусым-шілде, қыркүйек-сәуір аралығына жоспарланған. Сондай-ақ күзгі өнімді жеткізуге қосымша форвардтық шарттар жасалатын болады", - деп мәлімет берді вице-министр.
Сондай-ақ Ербол Тасжүреков өңірлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген қаржыландыру мерзімі мен шарттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың 70% бағыты бойынша талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.06.2024, 15:46 47641
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124 рейске дейін ұлғайтылады
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124 рейске дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сиань қаласында Қытай - Орталық Азия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші конференциясы шеңберінде (С5+1) Қазақстан Республикасының авиациялық билігі мен Қытай Халық Республикасы арасында келіссөздер жүргізілді
Қазақстандық делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қытай делегациясын Қытай азаматтық авиация әкімшілігі халықаралық қатынастар департаменті бас директорының орынбасары Бай Венли бастады.
Келіссөздер барысында екі елдің бекітілген тасымалдаушыларының рұқсат етілген жиіліктер санын аптасына 124 рейске дейін ұлғайту және жиіліктер бойынша қандай да бір шектеусіз жүк рейстерін орындау мүмкіндігі жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар тасымалдаушылар саны артып, Қытай аумағында жаңа пунктер қосылды.
Өз кезегінде қазақстандық авиакомпаниялар Хайнань аралындағы (Санья, Хайкоу және Цюнхай қалалары) пункттрге, оның ішінде бесінші, алтыншы және жетінші "ауа еркіндігін" пайдалана отырып, шексіз рейстерді орындау құқығына ие болды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасында алғаш рет "ашық аспан" режимі орнатылды, оның шеңберінде екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, аптасына 42 рейске дейін орындау құқығына ие болды.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы тасымалдаушылары "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қытайға рейстерді орындау құқығына ие болған әлемдегі санаулы елдердің бірі (АҚШ және бірқатар Еуропа елдері) болды.
Қытай Қазақстанның көптеген бағыттар бойынша стратегиялық серіктесі, осыған байланысты елдер арасындағы рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
01.07.2024, 16:28Қырғызстандағы сел тасқыны: қазақстандық құтқарушылар Ош қаласына келді 01.07.2024, 16:35 5286Орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін бюджетте шамамен 8,5 млрд теңге қарастырылған01.07.2024, 16:12 2716Қазақстанда ірі-қара малдың саны 2 млн басқа азайды: АШМ деректерді өзектендірді01.07.2024, 19:50 116ШЫҰ саммиті: Қазақстанның төрт қаласында террористік қауіптің "сары" деңгейі енгізілуде01.07.2024, 19:56 76ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі
27.06.2024, 20:26 100796Кіші Аралдың жағдайы тексеріліп, суды үнемдеу және экология мәселесі қолға алынады27.06.2024, 20:18 97261Еңбекминінің қарамағына мемлекеттік еңбек инспекциясын беру туралы заңға енгізілетін түзетулер мақұлданды27.06.2024, 20:15 96256Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды28.06.2024, 11:45 79396Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады28.06.2024, 12:50 77886Қазақстанның бірнеше өңірінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды
07.06.2024, 12:50 120561100-ге жуық құрылыс нысанын бұзуға қатысты талап арызды алматылық сот қарайды07.06.2024, 12:43 120556Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді21.06.2024, 16:04 112001Ақтөбеде жалған діни пансионаттар жабылды20.06.2024, 16:29 111151Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады21.06.2024, 15:50 110606500 млрд-қа жуық тиімсіз пайдаланылған қаражат: парламент Үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті