12.02.2025, 10:31 1671

Қазақстан Ұлттық Банкі жылдың басындағы сыртқы борыш сомасын атады

Қазақстан Ұлттық Банкі жылдың басындағы сыртқы борыш сомасын атады
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деректерді жариялаудан бастап Қазақстан Республикасының сыртқы борышын алдын ала бағалауды жариялауға кіріседі, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.

Сыртқы борыш белгілі уақыттағы өтелмеген резиденттердің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышты және/немесе пайызды төлеуді талап ететін нақты және сөзсіз міндеттемелерін білдіреді.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Банкі Статистикалық ақпараттың шығу кестесіне сәйкес есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 90-күні сыртқы борыш бойынша есепті деректерді жариялаған болатын. Енді оған қосымша ҚР сыртқы борышын алдын ала бағалау жарияланатын болады.

Мұндай жарияланымдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінде, тиісті кезең үшін төлем балансын алдын ала бағалау туралы ақпарат шығарумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі жарияланатын статистикалық және талдамалық ақпарат көлемін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бұл жарияланым елдің сыртқы сектордағы позициясын неғұрлым уақытылы баға беруге мүмкіндік береді және мемлекеттік органдарға, сарапшыларға, зерттеушілерге, рейтингтік агенттіктерге пайдалы болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны