07.02.2025, 16:23 3416

Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр

Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр
Елорданың Алматы ауданында "Заң және тәртіп" акциясы аясында есірткі граффитилерін анықтау және жою бойынша рейд жүргізілді. Тыйым салынған заттардың жарнамасымен күресуге бағытталған акцияны аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары және "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері қолға алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Шараның мақсаты - қауіпті жазуларды жою ғана емес, жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу. Рейд барысында қатысушылар аудан аумағындағы тұрғын үйлердің, жатақханалар мен ғимараттардың қабырғаларына ілінген жазулар, сызбалар, QR кодтар және басқа да жарнама элементтерін бояды.

Алаңдатарлық жағдай, мұндай граффитидің едәуір бөлігі студенттер тұратын оқу орындары мен жатақханалардың жанынан табылды. Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мұрат Маратовтың айтуынша, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұндай шаралардың маңызы ерекше.

Бүгін біз қоғамдық орындарда көрініс тапқан есірткі жарнамаларын жою бойынша ауқымды акция жүргіздік. Мұндай жазулар көбінесе университеттер мен студенттер жатақханаларының маңында пайда болып жатыр. Ал бұл жастарға үлкен қауіп төндіреді. Табылған граффитилердің барлығын бояп тастадық. Қала тұрғындарын сақ болуға шақырамыз, егер мұндай жазуларды байқасаңыз, бей-жай қарамай, әкімдікке немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз", - деді Мұрат Маратов.


Мұндай рейдтер елорданың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Билік азаматтарды елордада тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі бастамаларға қосылуға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны