17.01.2025, 11:07 83991
Қазақстанда желтоқсан айында жылдық инфляция 8,6 пайызға дейін жеделдеді
Достарға айту
Желтоқсанда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,6% болды (қарашада - 8,4%). Жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді, 9 өңірде баяулап, 1 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.
Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,5%-ға дейін жеделдеді (қарашада - 5,4%). Осы топтағы тауарлар бағасында максималды өсім Жетісу облысында (7,9%), минималды өсім Түркістан облысында (3,0%) тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,3%-ға дейін үдеді (қарашада - 8,0%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,3%) тіркелді.
Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,3% болып бұрынғы деңгейде сақталды (қарашада - 13,3%). Сонымен қатар баға Астана қаласында (16,9%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.
Желтоқсанда ел төңірегінде айлық инфляция 0,9%-ға өсті, бұл - бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы желтоқсанда - 0,7%).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.03.2025, 16:27 1991
Қазақстанның екі мұнай өңдеу зауытындағы үлесті шетелдік инвесторларға ұсына алады
Достарға айту
БҚДА Төрағасы Марат Омаров Шымкенттегі стратегиялық нысандарды аралады, деп хабарлайды бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров.
Шымкент халықаралық әуежайында ведомство басшысы авиация саласының дамуы мен әуежай қызметтерін реттеуді азайтудың маңыздылығын талқылады.
ПетроҚазақстан Ойл Продактс" мұнай өңдеу зауытында Марат Омаров жекеменшік басқарудың тиімділігін жоғары бағалап, екі басқа зауыттағы үлесті жеке инвесторларға ұсыну жоспары бар екенін айтты.
Сонымен қатар, ол арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысып, оның резиденттерінің өңір экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 16:02 2406
Ұлттық банк цифрлық алтын монеталарды сатуды бастайды
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 17 наурыздан бастап инвестициялық монетаның цифрлық баламасы - Gold Coin жобасы іске қосылатынын хабарлайды.
Жаңа инвестициялық құралды "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange, AIX) биржасының Tabys мобильді қосымшасында сатып алуға болады.
Gold Coin жобасының мақсаты - Қазақстан азаматтарына заманауи технология мен цифрлық экономика жағдайында инвестициялауға және капитал жинақтауға балама көз ұсыну.
Gold Coin-ның бір бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең. Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады.
Tabys мобильді қосымшасын пайдаланушы онлайн режимінде Gold Coin сатып ала алады, оны және сатуға да, сыйға тартуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жиырма эквивалент (бірлік) жинақталғанда, Gold Coin-ды Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын - ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады.
ÚKI инвестициялық монетасы айналымға шыққалы тұр, оны 2025 жылдың 17 наурызынан бастап сатып алуға болады.
Gold Coin жобасы туралы ақпаратпен Ұлттық Банктің Youtube арнасында танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 16:00 10011
Елімізде қаңтар-ақпан айларында ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок министрліктері басшылығымен Мемлекет басшысының ел экономикасының тұрақты өсуі мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биылғы қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Есепті кезеңде ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады. Тауар өндірісі мен қызмет көрсету секторында өсу серпінінің жақсарғаны байқалады. Өнеркәсіптік әлеуетті ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5,7%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша бұл көрсеткіш 8,9%-ды құрады. Негізгі салалар ішінде машина жасау (18,2%), азық-түлік өндірісі (13,1%), құрылыс материалдары өндірісі (21,6%) және металл бұйымдары өндірісі (20,1%), сондай-ақ химия өнеркәсібі (9%) жоғары көрсеткіштер көрсетті. Тау-кен өнеркәсібінде өсім 4,1%-ды құрады.
Құрылыс саласында жоғары қарқын сақталған. Орындалған жұмыстар көлемі 408,1 млрд теңгеге, ал нақты көлем индексі 112,8%-ға жетті. Сауда саласындағы өсім 6%-ға, ал көлік және қоймалау қызметі 21,3%-ға артқан. Жалпы, астық, тұқым және мал азығы (өсім 5,8 есе), фармацевтикалық өнімдер (44,6%-ға), автокөліктер мен жеңіл көліктер (38,8%-ға) өткізетін көтерме сауда кәсіпорындары айтарлықтай жоғары үлес қосты. Астық тасымалы 43%-ға артып, 2,4 млн тоннаға жетті, ал ұн өнімдерін тасымалдау 12%-ға өсті.
Сонымен қатар терең өңделген өнім өндіретін салаларды қолдау жүйесінің нәтижелері атап өтілді. Осылайша, қосылған құны жоғары өнімдер, атап айтқанда, құрама жем экспорты 5 есеге өсіп, 273 мың тоннаны құрады (2024 жылы - 56 мың тонна), өсімдік майының экспорты 28%-ға артып, 94 мың тоннаға жетті.
Премьер-министр өсу қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырып, жоспарлы өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жұмысты күшейту қажет бірқатар бағытты атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:48 10261
Қазақстанда құрама жем және премикс өндіретін ірі зауыттар салуды жоспарлап отыр
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мажарстандық "UBM Group" компаниясының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстанда премикстер мен құрама жем өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады. Жоба аясында 2025 жылдан 2027 жылға дейін қуаттылығы жылына 48 мың тонна премикс және 300 мың тонна құрама жем өндіретін 3 зауыт, қосымша-зертхана мен тренинг-орталық салу ұсынылды. Жобаны сәтті іске асырған жағдайда Қазақстанда премикс өндіретін алғашқы ірі зауыт және құрама жем өндіретін ірі кәсіпорын пайда болады. Бұл елімізге 250 мың тоннадан астам импортталатын құрама жем өндірісі бойынша импортты алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Вице-премьер атап өткендей, мал шаруашылығын отандық өндірістің сапалы жемімен қамтамасыз ету еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетудің стратегиялық маңызды міндеттерінің бірі. Биылғы жылы австралиялық әдіс бойынша мал шаруашылығын дамыту жобаларын қолдау бағдарламасының басталуын ескере отырып, мұндай жобалар жем-шөп нарығының құрылымын сапалы өзгерту және ет өндірісінің құнын арзандату үшін қажет.
Қазақстан астықты, етті, сүтті терең өңдеу бойынша жобаларды дамытуға мүдделі. Жақында біз бірқатар салаларға инвестицияларға тапсырыс жарияладық, олардың арасында азық-түлік өндірісі ерекше орын алады. Біз елді өзінің азық-түлік өнімдерімен, әсіресе әлеуметтік азық-түлікпен, тұрғындар қажеттілігінің кем дегенде 90%-ын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Сіздің компанияңызды осы салаға инвестициялау мүмкіндіктерін қарастыруға шақырамыз", - деді Серік Жұманғарин.
Өз тарапынан UBM Group акционері Варга Акош Қазақстанда жаңа өндірістер құруға дайындығы мен жоғары қызығушылығын білдірді. Ол үшін кәсіпорынның қажетті тәжірибесі, қуаты, заманауи технологиялары бар. Жоба Қостанай, Қарағанды облыстарында және Алматыда зауыттар салуды көздейді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында бизнес бойынша серіктес және зауыт құрылысына арналған орын анықталды, Қостанай мен Алматыда да серіктестер бар, бірақ зауыт құрылысының орнына қатысты мәселе шешілген жоқ. Мажарстандық инвесторлардың Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тағы бір зауыт салу жоспарлары бар, бірақ оны іске асыру үшін Қазақстандық серіктес әлі табылмаған. Акош Варга вице-премьерге Қостанай облысы мен Алматыда құрылыс орнын анықтай отырып, мәселелерді тез арада шешуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді.
Кездесуге қатысушылар іске қосылған өңірлер әкімдерінің орынбасарларымен бірлесіп, учаскелерді бөлуде туындайтын барлық қиындықтарды және оны тезірек іске асыру үшін жобаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды талқылады. Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер өңірлерге АШМ-мен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін инвесторлар жобаны іске асыруды кешіктірмей, осы жылдың екінші тоқсанында жер жұмыстарының кезеңіне кірісуі үшін жер учаскелерін анықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:45 10476
"ҚазМұнайГаз" басшылығы итальяндық Eni компаниясын жаңа жобаларды инвестициялауға шақырды
Достарға айту
ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Хьюстон қаласында (АҚШ) Eni компаниясының бас операциялық директоры Гвидо Брускомен кездесу өткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Тараптар Қашаған кен орнын одан әрі игеру мен ұзақ мерзімді дамытуға аса мән беріп, бірлескен жобалардың қазіргі жағдайын талқылады.
Ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру, соның ішінде елішілік құндылықты дамыту мәселелері қозғалды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша NCOC компаниясы сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті қамтудың нақты үлесі 62,1% немесе $656,4 млн, ҚПО-да - 65% немесе $679,6 млн құрады. Тараптар Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне тоқталды. ҚМГ басшысы бұл жобаның еліміз үшін маңызын атап өтті. ҚазМұнайГаз және Eni арасында геологиялық барлау саласында берік қарым-қатынас орнаған. ҚМГ жаңа жобалар пулын дайындап, италиялық компанияны оларға бірлесіп инвестиция салуға шақырды.
Маңғыстау облысында қуаты 247 МВт гибридті электр станциясын салу бойынша бірлескен жобаның күн электр станциясы 2025 жылы 3-тоқсанда, ал ГЭС пен ЖЭС 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Eni компаниясы Қазақстанның сенімді серіктесі, көпжылдық табысты ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Біз халықаралық нарықта позицияларымызды нығайту, сондай-ақ екі елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін бірлескен күш-жігерімізді жалғастырамыз", - деді А.Хасенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 11:17 31396
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5 % дейін көтерді
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім қабылданғанда нақты деректерді, жаңартылған болжамдар мен инфляциялық тәуекелдердің балансын бағалау барысы ескерілді, деп хабарлайды ҚР ҰБ-нің баспасөз қызметінен.
Бағаның ағымдағы өсу қарқыны жоғары деңгейге жетіп келеді. Бұл өз кезегінде ақша-кредит шарттарын айтарлықтай жеңілдетеді. Сондықтан инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін белсенді әрі пәрменді шаралар қажет.
Инфляцияның барлық көрсеткішінде өсу байқалады. Жылдық инфляция ақпанда 9,4%-ға дейін жеделдеді. Барлық компонент бойынша бағаның өсу қарқыны жеделдегені байқалады. Әсіресе қызметтер бағасының өсуі айтарлықтай үлес қосып отыр. Ақпанда айлық инфляция едәуір өсіп, орташа тарихи динамикадан айтарлықтай асып түсті. Айлық базалық және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция көрсеткіштерінен (тиісінше, ақпанда бір жылға есептегенде - 14,2% және 16,9%) фискалдық ынталандыру және тұтынушылық кредит берудің (2024 жылдың қорытындысы бойынша жылма-жыл 33,5% өсім) шамадан асып кету жағдайында ішкі сұраныс жағынан қысымның айтарлықтай үдегені көрінеді. Сонымен бірге ақпанда халықтың инфляциялық күтулері тағы да 13,7%-ға дейін өсті.
Ресейде инфляция қарқын ала түскендіктен, сыртқы сектордың бағаға әсері күшейді. 2024 жылғы желтоқсаннан бастап біршама төмендегеніне қарамастан, әлемдегі азық-түлік бағасы әлі де жоғары деңгейде. Қазіргі уақытта бағаның жаһандық өсуі орнықты болып отыр. Инфляциялық және геосаяси тәуекелдер сақталуда және олар орталық банктердің қатаң ақша-кредит саясаты мен риторикасына негіз болды.
Негізгі сценарийде Brent маркалы мұнайдың бағасы болжамды кезеңнің соңына дейін орташа есеппен 1 баррель үшін 70 АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Сценарий шарттары бағаның нақты динамикасы мен мұнай нарығындағы ұсыныстың сұраныстан артуын ескере отырып қалыптастырылды.
Алдағы жылдарға инфляция болжамы жаңа факторлар ескеріле отырып көтерілді. Ол 2025 жылы 10-12%, 2026 жылы 9-11% шегінде күтіледі. 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляция тежеуші ақша-кредит саясатының және жоспарланған салық реформасына байланысты фискалдық ынталандыруды қысқарту нәтижесі ретінде 5,5-7,5% деңгейіне дейін төмендейді.
2025-2027 жылдар аралығындағы жоғары болжам сыртқы проинфляциялық қысымның удеуіне, жанар-жағармай (ЖЖМ) бағасының өсуіне, қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің ұлғаюына, сондай-ақ тұрғын-үй кешен (ТКШ) саласындағы реформалардың жалғасуына байланысты. Болжамның негізгі тәуекелдері - ішкі сұраныстың одан әрі өсуі, Ресейдегі инфляцияның жеделдеуі және инфляциялық күтулердің тұрақсыз болуы. Сонымен қатар ЖЖМ құны артуының нақты қарқынына, фискалдық тәртіпке (Ұлттық қордан трансферттерді қысқарту жөніндегі жоспарларды іске асыру), сондай-ақ реттелетін бағалардың өсуінен және ҚҚС көтерілуінен болатын қосарлы әсердің орын алуына қатысты белгісіздік сақталуда.
Қазақстан экономикасының өсуі бойынша 2025 және 2026 жылдарға жасалған болжам 4,2-5,2% деңгейіне дейін біршама төмендеді. Осындай қайта қарауға бірқатар факторлар, соның ішінде мұнай өндірісіне қатысты Үкімет болжамының төмендеуі себеп болды. Ал мұнай секторының қалпына келуі жағдайындағы ішкі сұраныстың оң динамикасы 2025-2026 жылдары экономиканың өсуін қолдайды. 2027 жылы салық-бюджет саясатының шоғырландыруына байланысты ЖІӨ-нің өсуі әлеуетті мәндерге жуық - 4,5%-ға дейінгі ауқымда қалыптасады. Сонымен бірге Үкімет жоспарлаған құрылымдық реформаларды, оның ішінде негізгі капиталға инвестицияларды ұлғайту, тікелей шетелдік инвестициялар тарту және экономиканы ырықтандыру бойынша реформаларды сәтті іске асыруды ескере отырып, нақты өсу біршама жоғары болуы мүмкін.
Қазіргі және болжамды инфляциялық үдерістердің айтарлықтай жеделдеуі инфляцияның таргеттен айтарлықтай ауытқуына әкелді және жиынтық ақша-кредит шарттарын жеңілдетті. Осыған байланысты қазіргі шешім аясында базалық мөлшерлемені көтеру қажет болды. Бұл қысқа және ұзақмерзімді инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға, баға өсуінің жеделдеу үрдісінің бекітілуіне жол бермеуге және инфляцияның артуын болдырмауға мүмкіндік береді. Бүгінгі шешім халық табысының сатып алуға жарамдылығын сақтауға және жинақтарын қорғауға, сондай-ақ нарық қатысушыларының теңгедегі активтерге сенімін қолдауға арналған.
Базалық мөлшерлеме бойынша қазіргі шешім болашақта базалық мөлшерлемені одан ары жоғары көтеруге қажеттілігін болдырмау үшін қабылданады. Бұл инфляцияны орта мерзімді келешекте таргетке қарай орнықты түрде төмендеу траекториясына қайтаруға ықпал ететін болады. Төмен инфляцияға қол жеткізу, әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету инвестицияларды тарту, экономиканың тұрақты және сапалы өсуі үшін негіз болады.
Ұлттық Банк жиынтық ақша-кредит шарттары қатаңдығының жеткіліктілік деңгейін бағалайды және келіп түскен экономикалық ақпаратты мұқият талдауды жалғастырады. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан былайғы шешім инфляцияның нақты динамикасының оның болжамды траекториясына сәйкес келуіне және баға тұрақтылығы үшін тәуекелдердің жалпы балансына байланысты болады.
Қабылданған шешім факторлары мен болжам туралы барынша толық ақпарат 2025 жылғы 17 наурызда Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында[1] Ақша-кредит саясаты туралы баяндамада ұсынылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 11 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2025, 16:18 43581
Қазақстан мен Әзірбайжан мұнай жөнелтілімдерін ұлғайту туралы келісімге келді
2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млн тонна мұнай тасымалданды
Достарға айту
ҚМГ мен SOCAR басшылары ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚазМұнайГаздың баспасөз қызметінен.
Баку қаласында (Әзербайжан) "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровшан Наджафпен кездесті.
Тараптар 2022 жылы Қазақстан мұнайын Ақтау - Баку - Джейхан бағыты бойынша тасымалдау туралы екі компания қол қойған келісімнің орындалу барысын талқылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млн тонна мұнай тасымалданды. Биылға арналған жоспар - 1,7 млн тонна.
ҚМГ мен SOCAR компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың бұл бағыты Қазақстан мен Әзербайжанның транзиттік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ отандық көмірсутектердің халықаралық нарыққа экспорт көлемін кеңейтуге ықпал етеді.
Сонымен қатар компаниялар арасындағы декарбонизация туралы стратегиялық келісімді жүзеге асыру барысы талқыланды. Былтыр Әзербайжанда өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP-29) тараптарының 29-шы конференциясы барысында қол қойылған құжат мұнай-газ саласындағы зиянды шығарындыларды азайту үшін декарбонизация және төмен көміртекті технологияларды енгізу аясындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Кездесуде мұнай мен газды геологиялық барлау және өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, инвестиция тарту, өндірісті цифрландыру мүмкіндіктері қаралды.
SOCAR компаниясы - ҚазМұнайГаздың негізгі серіктесі. Күш-жігерімізді біріктіру нәтижесінде біз жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті және көмірсутек тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуды жалғастыратынымызға сенімдімін. Бұл өз кезегінде Каспий өңірінде жаңа транзиттік мүмкіндіктерге жол ашатын болады", - деп атап өтті А.Хасенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 16:27 59411
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 533 млн АҚШ долларын құрады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Бакуге ресми сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі жеткізілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Екі мемлекеттің басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынастың арқасында Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы серіктестіктің сапалы жаңа деңгейіне көтерілді.
Республикасының Премьер-министрі Әли Асадовпен үкіметаралық келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $533 млн-ды құрады. Қазақстан Әзербайжанға $340 млн-нан астам сомаға шикізаттық емес тауарлардың 130 түрін жеткізуді арттыруға дайын. Көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Өткен жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Екі елдің темір жолдары арасында Digital Trade Corridor платформасын интеграциялау аяқталды.
Тараптар екіжақты тауар айналымын неғұрлым жоғары деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерін жұмсауға ниетті екенін растады.
Кездесулер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде Қазақстан-Әзербайжан бағытындағы су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау және салу жөніндегі құжат бар. Жоба байланыстың сапасы мен сенімділігін арттыру, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді беруді кеңейту үшін стратегиялық маңызға ие.
Сондай-ақ келіссөздер барысында екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды. Әзербайжан тарапы Қазақстанның Қарабақты қалпына келтіру үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.03.2025, 15:06Қазақстанда лифттерді ауыстыру үшін тұрғындарға бюджеттік кредиттер беріледі 13.03.2025, 10:14 6271Жамбыл облысында 76 каналды реконструкциялау және 3 су қоймасының құрылысы басталады13.03.2025, 17:25 4871ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі13.03.2025, 17:31 4531Тоқаев Presight.AI басшысымен суперкомпьютер мен Smart City құру мәселесін талқылады13.03.2025, 17:38 4321Бектенов су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді
07.03.2025, 16:20 134186Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 131376Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 131251Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді07.03.2025, 16:15 117726Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 107611Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі
13.02.2025, 08:03 270236ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261356Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207941Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 169451Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167951Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады