20.05.2022, 16:21 17061

Қазақстандық банктерге ақпараттық қауіпсіздік бойынша талаптар күшейтілді

Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды нақтылауға және жетілдіруге қатысты өзгерістер бірқатар құжаттарға енгізілді.
Қазақстандық банктерге ақпараттық қауіпсіздік бойынша талаптар күшейтілді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздікті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 30 қаулысының бекітілгені туралы хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚНРДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Киберқауіптердің өршуіне байланысты банк клиенттері, олардың шоттарының жай-күйі және түрлі қаржылық операцияларды жүргізу туралы конфиденциалды ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйелерді қорғауды күшейту қажеттілігі артып келеді.
 

Қабылданған Қаулыда екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі анықтамалар нақтыланды және талаптар күшейтілді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне кіретін банк бөлімшелерінің жауапкершілік аясы неғұрлым нақты белгіленді", - деді ҚНРДА баспасөз қызметі.

 
Бұдан басқа, Қаулымен екінші деңгейдегі банктермен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы деректермен алмасу толығымен автоматтандырылған форматқа ауыстырылады. Осыған байланысты қағаз түрінде бірқатар есептер мен өзге де түсіндіру құжаттарын жіберу қажеттілігі жойылады.
 

Осы Қаулымен қабылданған өзгерістер екінші деңгейдегі банктерге олардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қойылатын қолданыстағы талаптарды күшейтеді және ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға арналған. Ақпарат алмасу рәсімін жетілдіру қағаз құжат айналымын төмендетеді", - деп толықтырды ведомстводан.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны