22.11.2022, 14:47 11621
Қазақстандықтардың шығындарының жартысынан астамы - азық-түлік тауарлары
Достарға айту
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандықтардың шығындарының жартысынан көбі азық-түлік тауарларына тиесілі, деп хабарлайды "Атамекен" талдау қызметінің телеграм-арнасы.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, халықтың жалпы шығындарындағы азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстардың үлесі 2015 жылғы 44,7%-дан ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындылары бойынша 51,4%-ға дейін өсті", - деп хабарлайды "Атамекен" талдау қызметінің телеграм-арнасы.
Бұл көрсеткіштің өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі - азық-түлік тауарларының бағасы қазақстандықтардың нақты жалақысына қарағанда тез өсуде. Мәселен, 2022 жылдың екінші тоқсанының соңындағы жағдай бойынша, азық-түлік бағасының өсуі 18,7%-ды, ал жалақының өсуі 8,9%-ды құрады.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың қалауында аздаған өзгерістер байқалады. Орташа азаматтың рационында ет (айына +0,8 келі), сүт өнімдері (+0,8 келі), қант, тәттілер мен жемістер (+0,2 келі) көп болды.
Бұл ретте көкөніс (-0,8 келі), май және тоң май (-0,2 келі) тұтынудың төмендеуі байқалады.
Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер жыл басынан бері 20%-ға қымбаттағаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.12.2024, 15:07 5386
Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 1,5 млрд теңге бөлінді
Достарға айту
Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат Қазақстан Үкіметінің резервінен Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аудару үшін 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді көздейді. Қаржыландыру "Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту" жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.
Ұлытау облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырымды құрайды. Сонымен қатар бүгінде тозу деңгейі - 58%. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілді.
Жезқазғанда желілердің тозуы 60%-ға жуықтайды. 89 мың тұрғыны бар қаланы жылумен жабдықтауды ЖЭО қамтамасыз етеді. Қалалық жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымды құрайды.
Жезқазған қаласын жылумен қамту жағдайын жақсарту үшін облыс әкімдігі жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына түзетулер енгізді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 5 іске қосу кешенінің 5-ші кезеңін аяқтау үшін 1,5 млрд теңге қажет.
Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2024, 12:57 6021
Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Достарға айту
2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 %-ға, ынтымақты зейнетақыны - 8,5 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары - 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылады, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі - 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы - 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы - 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы - 120 737 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы - 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғаятын болады;
- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін - 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін ұлғаяды;
- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ - 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ - 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 6,5 %-ға артады. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Төлемдердің мөлшері жеке санаттарға және келесілерге байланысты болады: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 12:00 17031
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді
Достарға айту
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ел экономикасы мен халқын энергетикалық қауіпсіздікпен, сенімді энергия жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді.
Ағымдағы жылы қуаттылығы 500 МВт Екібастұз МАЭС-1 №1 энергоблок пайдалануға берілді, қуаттылығы 65 МВт Атырау ЖЭО № 6 турбоагрегатын және қуаттылығы 43 МВт Жезқазған ЖЭО № 8 қазандық агрегатын ауыстыру жүзеге асырылды, сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 163,35 МВт ЖЭК жобалары сәтті енгізілді.
Жоғарыда аталған станцияларды жаңғырту белгіленген электр қуатын арттыруға және парктік ресурсын жаңартуға бағытталған.
Өз кезегінде жаңартылатын энергия көздеріненгізу жасыл генерацияның үлесін арттыруға және елді қосымша қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 12:53 23016
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төледі
Достарға айту
Фермерлік шаруашылықтар "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ-ның элеваторларына тікелей сатып алу бағдарламасы аясында жоспарланған жеткізілімдердің үштен біріне сәйкес 52 мың тонна астық жеткізді. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік оператор өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің есепшоттарына 3,4 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ фермерлік шаруашылықтардан үшінші, төртінші және бесінші сыныптағы бидайды, сондай-ақ екінші сыныптағы арпаны қабылдайды. Жеткізілген астықтың жалпы көлемінде ең үлкен үлесті 23% және 25% клейковинасы бар үшінші сыныптағы бидай алады.
Қазақстан өңірлерінде астық жеткізушілердің арасында дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Бұл өңірлердің фермерлері элеваторларға сәйкесінше 20,9 мың тонна, 18,4 мың тонна және 12,5 мың тонна астық жөнелтті.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Жувашевтың айтуынша, өтінімдерді қабылдау кезінде шағын агрокәсіпорындарға басымдық беріледі.
Өнімнің артық мөлшерін сатып алу шағын және орта шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ мемлекеттік оператор ретінде нарықтағы бағаларды реттеп, астыққа әділ баға белгілейді", - деп түсіндірді Асылхан Жувашев.
Барлығы 440 ауыл шаруашылығы кәсіпорны астық сату туралы өтінім берді, оның ішінде 347-сі - шағын шаруа және фермерлік шаруашылықтар, ал 93-і - орта бизнес (ЖШС). Қазіргі уақытта агроқұрылымдар "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ тағы 98,2 мың тонна бидайды 6,9 млрд теңгеге жеткізуге дайын. Қабылданған астық үшін төлем қаражат бөлінгеннен кейін бірден жүзеге асырылады.
Тікелей астық сатып алу бағдарламасына қатысу үшін фермерлерге 2024 жылғы "Барлық жерлерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы" анықтама және мемлекеттік уәкілетті органмен расталған тиісті есепті ұсыну қажет. Астық сату бойынша өтінімдерді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ өңірлік өкілдіктері қабылдайды.
Нарықтан астық сатып алуға 13 млрд теңге бөлінеді, бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 200 мың тонна астық сатып алуды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 16:45 31211
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Достарға айту
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа еті Ереванға экспортталды. Экспорттаушы - Солтүстік Қазақстандық EMC Agro компаниясы.
Бұл кәсіпорын үшін шетелдік кәсіпкерлермен алғашқы ынтымақтастық тәжірибесі болды, себебі бұған дейін өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген.
Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөздер жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.
Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді.
Айта кету керек, біздің кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Сондықтан, егер біз осы екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатсақ, өніміміздің 50%-ы шетелге жіберіледі", - дейді компания өкілдері.
Жалпы, EMC Agro әлемдегі ең ірі шошқа еті тұтынушысы болып табылатын Қытаймен ынтымақтастықты қарастыруда. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өнеркәсіп кешеніне барып, өндірісті тексергеннен кейін, жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.
Осыған байланысты компания ҚХР-дың Бас Кеден Басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне ену жұмыстарын жүргізуде.
EMC Agro - Қазақстандағы ет өңдеу кәсіпорындарының көшбасшысы. Компания жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіруге және оны түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2024, 11:18 80461
Қазақстанда Венчурлық инвестициялар қорлары қоры құрылады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов венчурлық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдері және халықаралық әріптестермен кездесу өткізді. Талқылаудың басты тақырыбы жаһандық капиталды тартуға, стартап-экожүйені дамытуға және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Диалогқа шақырылған Стэнфорд университетінің профессоры және венчурлық инвестиция бойынша танымал сарапшы Илья Стребулаев, Andreessen Horowitz серіктесі Малика Аубакирова және Lightspeed Venture Partners серіктесі Ғалым Иманбаев, сондай-ақ DCVC инвестициялар жөніндегі директоры Анна Фокина инновацияларды дамытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылар Қазақстанға елеулі прогреске қол жеткізу үшін әлемдік жетекші венчурлық инвестициялар қорларымен ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті, бұл инвестицияларды басқарудың озық технологиялары мен озық тәжірибелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олар жаһандық капиталды тарту үшін құқықтық инфрақұрылымды нығайтып, стартаптарды дамытудың кейінгі кезеңдерінде қолдауға жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан өңірдің барлық венчурлық мәмілелерінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп, Орталық Азияда көшбасшылық ұстанымды иеленіп отырғанын атап өтті. Соңғы бес жылда еліміздегі венчурлық капитал көлемі алты еседен астам өсіп, $80 млн-ға жетті.
Қордың құрылуы Қазақстанның инвестициялар мен технологиялардың халықаралық экожүйесіне интеграциялануына бағытталған елдің венчурлық капитал нарығын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.
Венчурлық инвестициялар қорлары қоры орта мерзімді перспективада жетекші әлемдік, өңірлік және қазақстандық венчурлық қорларға бағытталатын $1 млрд жеке инвестицияларды тартуға бағытталған. Бұл тиімді әртараптандыруды, экономиканы трансформациялау үшін қажетті жаһандық құзыреттер мен аса маңызды технологияларға барынша қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда қордың бастапқы капиталын қалыптастыруға қазақстандық ірі бизнес өкілдерінен $100 млн-нан астам сомаға өтінімдер жиналды.
Қор жұмысында жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және басқа да негізгі технологиялық салаларды қосқанда, перспективалы бағыттарға ерекше назар аударылатын болады. 2030 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект нарығы $827 млрд-қа дейін өседі деп болжануда, бұл саланы инвестициялар үшін басым бағыттардың біріне айналдырады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру озық технологияларға қолжетімділікті ашып қана қоймай, Қазақстанның халықаралық стартаптар мен технологиялар хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады деп атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз білім мен инновацияға негізделген экономика құрып жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда IT секторы белсенді дамып келеді, цифрлық қызметтер экспорты артып, жас мамандар ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие болып отыр. Біздің басты міндетіміз - өзіміздің таланттарымызды сақтап қалуға және жаңа дарындарды тартуға жағдай жасау, стартаптарды дамытудың барлық кезеңінде қолдау және Қазақстанға жаһандық құзыреттерді тарту", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2024, 11:16 80696
Астанада Euronews-тің өңірлік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті
Достарға айту
Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews кеңсесінің ашылуы Қазақстанның ақпарат саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Министр бұл тек географиялық ауқымды кеңейту емес, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын, заманауи жетістіктерін әлемге көрсетуге берілген жаңа мүмкіндік екенін айтты.
Мемлекет басшысы қазақстандық мәдениетті, туристік және инвестициялық әлеуетті халықаралық деңгейде таныстыруды тапсырған болатын. Менің ойымша, бұл кеңсенің ашылуы осы жұмыстарға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл кеңсе мәдениеттер арасындағы диалог алаңына айналып, жаңа идеялар мен креативті шешімдерді ілгерілетуге үлес қосады. Бұл бастама арқылы тек өзара түсіністікті арттыратын ғана емес, жаһандық медиа кеңістікті байытатын жобалар дүниеге келетініне сенімдімін", - деді министр.
Бірлескен ынтымақтастық аясында Euronews 39 миллионнан астам көрерменді қамтыған Көшпенділер ойындарының материалдарын трансляциялады.
Сондай-ақ, қазақ халқының мәдени мұрасы мен инвестициялық жобалары туралы 10 бағдарлама, хабарлар мен сұхбаттар жарияланды.
Қазақтар - Ұлы Дала өркениетінің мұрагерлері, Орталық Еуразиядағы көкпаршы көшпенді халықтардың мемлекеттілік дәстүрінің ізбасарлары. Қазақ хандығы 1465 жылы Алтын Орда күйрегеннен кейін құрылып, кейіннен тәуелсіз мемлекет ретінде қазіргі Қазақстан Республикасының қалыптасуына әкелді. Келесі жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан 20 миллион халқы бар әлемдегі ең ірі 40 экономика қатарынан орын алып, көптеген экономикалық және саяси реформалармен үлгі боларлық жолды көрсетіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен бірнеше саяси реформалар табысты жүзеге асырылды. Осы өзгерістердің арқасында бүгін тарихи сәт - Астанадағы Euronews кеңсесінің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Біз Қазақстанның экономикасы, мәдениеті және мұрасы туралы халықаралық аудиторияны ақпараттандыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Қазақстандық кәсіпкерлермен, суретшілермен және таланттармен жұмыс істеп, Қазақстанның жаңа шындығын және жарқын болашағын көрсететін үш түпнұсқалық телешоу әзірлейміз", - деді өз кезегінде "Euronews" Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас.
Ынтымақтастықтың маңызды бөлігі - Euronews academy жобасын жүзеге асыру. Оның аясында отандық журналистерге шетелдік спикерлердің қатысуымен офлайн тренингтер мен мастер-класстар ұйымдастырылатын болады. Бұл қазақстандық БАҚ өкілдерінің кәсіби дағдыларына оң әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта 20 жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың қатарында мәдениет, өнер және өмір салты туралы "Modern Nomads" шоуы, бизнес пен экономикаға арналған өңірлік шоу - "East-West Connect", сондай-ақ өңірлік тұлғалармен сұхбаттар - "Voices from Central Asia" жобалары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2024, 11:02 80926
Қазақстанда 11 айда мұнай өндіру 80,5 млн тоннаны құрады
Достарға айту
2024 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 90,3 млн тоннаны құрайды (2023 жылғы деңгейге 100,4%). Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнай өндіру 80,5 млн тоннаны құрады, бұл жоспардан 1,8 млн тоннаға аз (82,3 млн тоннаға белгіленген мақсаттан 97,8%), деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 102%-ын құрайды (жоспар - 16,4 млн тонна). 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тоннаны немесе жоспарлы көрсеткіштің 100%-ын құрады.
Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған Тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау татпы, бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызын атап көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.12.2024, 11:02Шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды 31.12.2024, 13:04 2756ҚР Президенті мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындады31.12.2024, 18:09 2446Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті31.12.2024, 18:17 2226Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті31.12.2024, 18:20 1981Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды
27.12.2024, 16:45 117981ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады27.12.2024, 17:14 117666Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды27.12.2024, 17:10 117651Мас жүргізуші - қылмыскер!27.12.2024, 17:00 117606Үкіметте Алматы қаласының экологиялық бағдарламасы талқыланды27.12.2024, 12:04 107926Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады
27.12.2024, 16:45 117981ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады27.12.2024, 17:14 117666Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды27.12.2024, 17:10 117651Мас жүргізуші - қылмыскер!27.12.2024, 17:00 117606Үкіметте Алматы қаласының экологиялық бағдарламасы талқыланды12.12.2024, 17:30 113311Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді