08.11.2024, 12:57 1341
Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 170 пайызды құрады
Достарға айту
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171,2%-ды құрады (2023 ж. - 269 мың тонна). Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оның ішінде:
метил-терт-бутил эфирі - 37,3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6% (2023 ж. - 33,1 мың тонна);
полипропилен - 241 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 56% (2023 ж. - 154,1 мың тонна);
- бензол - 26,6 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 33% (2023 ж. - 20 мың тонна);
- параксилол - 109,4 мың тонна 6 есеге ұлғайды (2023 ж. - 17,8 мың тонна);
майлау материалдары - 46,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,2% (2023 ж. - 43,9 мың тонна).
Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ЕО, ТМД, Қытай, Түркия, Ресей елдері болып табылады.
Сондай-ақ салада қуаттылығы жылына 305 мың тоннаға дейін бутадиен және оның туындыларын, полиэтиленді өндіру бойынша жобалар іске асырылуда, іске қосу мерзімі 2030 жылға дейін жылына 1 250 мың тонна.
Осылайша Министрлік мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни мұнай-газ-химиясы өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.11.2024, 13:40 956
Алматы облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіру қуатымен ет комбинаты салынуда
Достарға айту
Кеген ауданының Тасашы ауылында "Кеген МясоПром" ет өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның құны - 2,5 млрд теңге, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
Зауыт ірі және ұсақ малдың, сондай-ақ жылқы етін өңдейді, Алматы облысының тұрғындарын жоғары сапалы ет, шұжық және консервіленген өнімдермен қамтамасыз етеді.
Жоба 2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Зауыттың өндірістік қуаты бір ауысымда 40 бас ірі қара, 150 бас ұсақ мал және 10 жылқыны союға есептелген.
Шұжық цехының қуаты бір ауысымда 1,5 тонна шұжық өнімдерін, консерві зауытының қуаты 1 000 банка өнім шығаруға есептелген.
Толық қуатына шыққаннан кейін ет комбинаты жылына 3 мың тоннаға дейін ет өңдейді және 331,5 тонна шұжық өнімдерін, 66 тонна ет консервісін шығарады.
Кеген және Райымбек аудандарының тұрғындарынан мал нарықтық бағамен сатып алынады, ет комбинатын өз шикізатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өздігінен азықтандыру алаңдарын ашу жоспарлануда.
Жоба аймақтағы мал шаруашылығы саласының дамуын ынталандыруға және сапалы және арзан ет өнімдеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 12:45 1541
2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы 5,5% деңгейінде өспек
Достарға айту
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өсті. Бұл туралы Алматы қалақаласы әкімдігінің экономика басқармасы хабарлады.
Алматының жалпы өңірлік өнімі жылдың бірінші жартысында 3,5%-ға өсті (Қазақстан бойынша - 3,2%). Экономиканың өсу драйверлері - көлік (+21,6%) және құрылыс (+11%) салалары болды. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнеркәсібіндегі өсім қарқыны қалпына келуде. Тамақ өнімдері өндірісінің индексі 2024 жылдың қаңтар айындағы 84,6%-дан 89,3%-ға, ал сусындар өндірісі 56,9%-дан 91,3%-ға дейін өсті", - деді экономика басқармасы.
Сондай-ақ, қыркүйек айында іскерлік белсенділік индексі 53,4%-ға дейін артты. Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде, ал 2025 жылы 6,4% деңгейінде болады деп болжанып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.11.2024, 17:16 13226
Қазақстан төлем жасау және ақша аудару кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын пайдалануға көшеді
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, елдің төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматын енгізіп жатыр, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.
Халықаралық төлем хабарламалары стандартын қолдану банктерде клиентке қаржы қызметін көрсету тәртібін өзгертпейді.
Бұл жұмыстардың карточкалармен жасалатын төлемдерге еш қатысы жоқ. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері және басқа да төлемдер өзгеріссіз қалады.
Сонымен қатар, ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді. Сондай кезде банкаралық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде қысқамерзімді өзгерістер болуы мүмкін (қаржы ұйымдары ISO 20022-ні енгізетін демалыс күндерінде).
Қаржы мекемелері қазір клиенттерін жаңа стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстар жүргізілетін уақыт туралы алдын ала хабардар етіп жатыр. Бұл жұмыстар 2024 жылғы қарашаның аяғына дейін жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат: ISO 20022 - электронды хабарлама алмасатын әлемдік стандарт. Ол қаржы ұйымдары арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасалған. Бұл стандартқа көшу нарық қатысушыларына ISO 20022 негізінде жүзеге асырылатын жаңа шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде төлем хабарламаларын алмасудың біріздендірілген моделін қолдану арқылы барлық тараптың шығынын азайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.11.2024, 17:02 21016
Қазақстан цифрландыру саласында электрондық үкіметтің даму индексі бойынша 24-ші орында
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Шанхай қаласында өткен China International Import Expo - VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жыл сайынғы көпсалалы іс-шараның мақсаты - халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны нығайту. Көрмеге қатысу шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұлттық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңсесі Премьері Ли Цян, Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагим, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ, Сербия Премьер-министрі Милош Вучевич қатысты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың Орталық Азия елдерімен тауар айналымының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі болып отыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде мемлекеттер арасындағы кедергісіз сауда-саттық, электронды коммерция, көлік пен логистиканы дамыту, озық ЖИ технологияларын енгізуде өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Жібек жолы электронды коммерциясы" пилоттық аймағын құрудағы ынтымақтастықты нығайту перспективалы болып саналады. Қазақстандық павильондар Alibaba және JD.com ірі сауда платформаларында табысты жұмыс істеп тұр, Douyin алаңында павильон ашу, Қазақстанда цифрлық сауда арналары арқылы логистиканы жеңілдету үшін бонд қоймалары мен кешенді қойма инфрақұрылымын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Қытайдан Еуропаға жерүсті тасымалының 80%-дан астамын қамтиды. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік автодәлізі, Ляньюньган портындағы логистикалық орталық, Сиань құрғақ портындағы жүк терминалы, Қытаймен шекарадағы үшінші теміржол өткізу пункті және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалар трансқұрлықтық экономикалық дәліздер жүйесін жетілдіруге, тауар айналымын ұлғайтуға және екі ел халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Қазақстан цифрландыру саласында электрондық үкіметтің даму индексі бойынша 24-ші орынды, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орынды, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің рейтингіне сәйкес мемлекеттік технологиялардың жетілу индексінде 6-шы орынды алады. Жасанды интеллектіні қолдану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу экономикалық прогрестің қозғаушы күші бола алады, деп атап өтті Олжас Бектенов.
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян және халықаралық көрмеге қатысушы елдер делегацияларының басшылары цифрландыру тақырыбына бағытталған Қазақстанның "Жаңа дәуір, ортақ болашақ" ұлттық павильонында ұсынылған өнімдермен танысты. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, Kazakh Invest, АХҚО, QazTrade, Kaspi. kz өкілдері еліміздегі табысты жобаларды, оның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар қазақстандық әзірлеушілердің стартаптары көрсетілді, мысалы: Squares - әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан жерді жылдам табуға және брондауға мүмкіндік беретін сервис; Alaqan AI - алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру саласындағы жаңа шешім; Cerebra AI - инсультті анықтау үшін жасанды интеллект негізінде диагностикалық бағдарламаны әзірлеу және басқалары бар.
Қазақстанның коммерциялық павильонында биылғы жаңалық отандық өнімді онлайн сату болды. 260 м2 алаңда қазақстандық өндірушілердің 50-ге жуық тауарының - олар ет, сүт, май, астық өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар мен сусындар, бал, тоқыма және басқа да өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. TikTok платформасы арқылы стриминг іске қосылды, бұл стендке келушілерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көрермендерге өнімдердің ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақыт режимінде сатып алуға мүмкіндік береді. Көрменің алғашқы сағаттарында ғана онлайн режимінде $22 мыңға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды. Сондай-ақ павильон биыл 2 есеге ұлғайтылды, көрмеге қатысушылардың 80%-дан астамы - ШОБ өкілдері. Жыл сайын халықаралық көрмеге 300 мыңнан астам қытайлық кәсіби сатып алушылар қатысады, бұл ҚХР-ға экспортты ұлғайтуға жағдай жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.11.2024, 16:19 21531
Елімізде соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді
Достарға айту
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық көрсеткіштерден асып, өткен жылмен салыстырғанда 11% өсіммен 2,9 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Астықты өңдеу және ұнды тиеу бойынша абсолютті көшбасшы жалпы тиеудің 50% үлесімен Қостанай облысы болды, екінші орынды 17% үлесімен Ақмола облысы иеленді.
Бұл ретте қыркүйек-қазан айларында жаңа егін астығы ұнтақтағының 0,5 млн тоннадан астамы тасымалданды. Ұнтақ өнімдерін тасымалдаудың негізгі бағыттары Орталық Азия елдері болып табылады, қазақстандық ұн импортының көшбасшылары
Ауғанстан (788 мың тонна), Өзбекстан (454 мың тонна), Тәжікстан (57 мың тонна), Түрікменстан (28 мың тонна) және Қырғызстан (23 мың тонна) болды.
Қытай нарығы да оң динамиканы көрсетіп, ағымдағы жылдың 10 айында 0,5 млн тонна белгісінен асып, өткен жылға қарағанда 48% өсті. Жабық вагондар паркі ұнтақ өнімдерін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті және 15 мыңнан астам вагонды құрайды.
ҚТЖ" ҰК" АҚ мен өңірлерде мәселелерді шешу және астық жүктерін тасымалдауды бақылауды қамтамасыз ету үшін астық және ұнтақ өнімдерін тасымалдау бойынша жедел штабтар жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.11.2024, 10:44 24711
Қазақстандық компаниялар бірнеше сағат ішінде Шанхайдағы көрмеде 22 мың долларға тауар сатты
Достарға айту
Онлайн-сату және Цифрлық Жібек жолы: қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұсынды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
50-ден астам отандық компания өз өнімдерін Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұсынды. Олардың ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тауарлары бар. Сондай-ақ келушілердің назарына жаңа технологиялық әзірлемелер ұсынылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев көрме қазақстандық өндірушілер қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты нығайта алатын бірегей алаң саналатынын атап өтті. Оған жыл сайын 300 мыңға жуық сатып алушы келеді.
Биыл біз тауарларымызды "Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері" павильонында ғана таныстырған жоқпыз, 2 есеге ұлғайып, 50-ден астам қазақстандық компанияларды әкелдік. Олардың ассортименті құрамына май өнімдері, сусындар, бал, тоқыма, ет өнімдері кіреді. Мұндағы басты жаңалық, біз алғаш рет коммерциялық павильоннан бірден онлайн сатуды қамтамасыз етеміз. Ұлттық павильон цифрландыру тақырыбына бағытталған. Іс жүзінде біз Цифрлық Жібек жолын көрсетеміз, технологиялық жетістіктерімізді ұсынамыз", - деп атап өтті ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.11.2024, 12:28 37246
Қазақстан жетекші қытайлық компаниялармен жалпы құны $2,5 млрд болатын келісімге қол қойды
Достарға айту
Қазақстан жетекші қытайлық компаниялармен жалпы құны $2,5 млрд болатын келісімге қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Шанхай қаласында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен келіссөздер өтеді, VII Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысу жоспарланған.
Жұмыс сапардың басты мақсаты - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы екіжақты тауар айналымы көлемін өткен жылғы $41 млрд деңгейіндегі тарихи рекордтан екі есеге арттыру жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру.
Дөңгелек үстел жұмысына металлургия, энергетика, машина жасау және автомобиль өнеркәсібі, көмір химиясы, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және басқа да салалар бойынша көшбасшы компаниялар өкілдері қатысты.
Экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды дамыту перспективалары қаралды. Кездесуге қатысушылар ҚР мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық әріптестік артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда 5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді.
Қазақстан-Қытай бірлескен ірі жобалары қатарында Camc Engineering компаниясымен бірлесіп кальцилендірілген сода өндіру зауытын, Tianjin Cement Industry Design and Research Institute-пен "Састөбе" химиялық кешенін және Yunnan Industrial Explosive Group-пен жарылғыш заттар өндіру зауытын салу жобасы бар. Қуаты 90 мың бірлікті құрайтын, толық шағын торапты құрастыруға негізделген CHANGAN, HAVAL, CHERY автокөліктерін шығаратын зауыт құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Geely, Exeed, KAIYI жеңіл автомобильдерін өндіру бойынша 1 мың жұмыс орнын құра отырып, $150 млн сомаға инвестициялық келісім жасалды. Жобалар жоғары сапалы отандық өнім өндіруге қабілетті технологиялық кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер, екі елдің бизнес-қауымдастықтарының пікірінше, екіжақты әріптестіктің орнықтылығы мен өнімділігін растайды.
ҚР Үкіметінің басшысы аталған бағыттағы бірлескен жұмыс жалғасып жатқанын, сауда қатынастарының қолда бар әлеуеті тауар айналымын одан әрі әртараптандыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту келешегін көрсететінін атап өтті.
Бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келеді. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес, біз жақын арада өзара сауда көрсеткіштерімізді екі есеге арттыруға ниеттіміз. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда зор әлеуеті бар. Біз өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектерін ашып, ынтымақтастықтың тиімділігін бірге арттыра аламыз. Бұған қол жеткізу үшін транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны нығайту және біздің іскер топтар арасында байланыс орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуі қажет. Қазақстан Үкіметі әріптестікті кеңейтуге және мемлекеттеріміз арасында берік көпір құруға дайын. Біз инвесторларға қолдау көрсетіп, бизнеске қолайлы жағдай жасаймыз және әр жобаның табысты болуына ықпал етеміз. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жаңа инвестициялық бастамалар экономиканың нақты секторын дамытуға, оны әртараптандыруға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға қуатты серпін беретініне сенімдімін", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр өнеркәсіпті дамыту ел үшін маңызды басымдық екеніне тоқталып, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды.
Өз кезегінде, диалог барысында Қытайдың жетекші компаниялары өкілдері Қазақстанға стратегиялық жобаларды іске асырудағы сенімді серіктес ретінде қызығушылық танытты.
China Huadian Corporation компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы мүшесі Цзу Бинь өз сөзінде Қазақстанмен энергетика саласындағы, оның ішінде шығарындыларды азайту жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту туралы; SUN Energy Investment бас директорының міндетін атқарушы Янь Гочун Қазақстандағы алғашқы көмір химиясы кешенін іске қосу жоспары туралы хабардар етті; Beijing Jianlong Heavy Industry Group директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Чжисян - болат өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту туралы; Zijin Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзинхэ - геологиялық барлау және сирек жер кендерін өндіру саласындағы жобаларды іске асыру жоспары туралы айтты.
CP Pharmeceutical Group вице-президенті Се Лэй - медицина саласында кластер құруға инвестиция салу туралы; Beiqi Foton Motor бас директоры У Сибинь - Қазақстанда автомобиль жасау саласындағы өндірісті локализациялау туралы; ACRE инженерлік-консалтингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ян Чжуни технологиялар трансферті бөлігіндегі өзара іс-қимыл туралы; Sinotruk International бас директоры Чжао Хуа Қазақстанда жоғары сапалы автомобиль жүк техникасын өндіруді локализациялау жоспары туралы хабарлады.
Darwin Biotech Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзяньхуэй өсімдік шаруашылығы саласындағы қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту ниетімен бөлісті; Fujian Hengwang Investment (металлургия) басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцзян Жамбыл облысында өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспары туралы баяндады.
Кездесу нәтижесінде жалпы сомасы $2,5 млрд болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды.
Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ және "Goldcard Smart Group Co., Ltd" арасындағы $8 млн сомасына зияткерлік жүйелерді енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Жоба Алматы қаласындағы "Алатау" ИТП АЭА аумағында компоненттердің локализациясын ескере отырып, GoldCard компаниясы жеткізетін құрамдас бөлшектерден газ есептегіштерін шағын торапты құрастыруды көздейді;
Qarmet" АҚ мен Zhengzhou Coal Mining Machinery Grouop арасындағы көмір өнеркәсібіне арналған жабдықтар өндіру саласындағы "Qarmet" АҚ көмір департаментінің шахталары үшін $70 млн сомасына механикаландырылған кешендер сатып алу туралы келісім;
ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Қытайдың Silk Road Fund Co.Ltd. және Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd. мемлекеттік инвестициялық қоры арасында құны $552 млн инвестициялық ынтымақтастық негіздерін белгілеу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
Qarmet" АҚ мен Xinxing Ductile Iron Pipes Co.,LTD арасындағы $161 млн сомасына Қазақстан Республикасында қуаты жылына 200 мың тонна сфералық графиті бар беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырлар шығаратын зауыт салу туралы келісім. Өнім Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық жүйесінің нысандарын салу, жаңғырту, реконструкциялау, кеңейту және жаңарту жөніндегі жобаларға арналған;
Qarmet" АҚ мен China Metallurgical Group Corporation арасындағы $1 млрд сомасына тау-кен және металлургия салаларында ұзақ мерзімді және кешенді ынтымақтастық орнату туралы келісім;
Qarmet" АҚ мен ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation арасындағы $649 млн сомасына кокс-химия өндірісін жаңғырту және көмір химиясын дамыту жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыру туралы келісім;
Qarmet" АҚ мен Nanjing Fiberglass Research & Design арасындағы $30 млн сомасына Теміртау қаласында қуаты жылына 100 мың тонна дайын өнім болатын домна қождарынан минералды жылытқыштар өндіретін фабрика салу және 200 жаңа жұмыс орнын ашу туралы келісім;
Saran Machinery" ЖШС мен Sinotruk International арасындағы $70 млн сомасына KD дистрибуция және құрастыру саласындағы, технологияны лицензиялау және тауар белгілерін пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер пакеті. Олардың ішінде Саран қаласында жүк және арнайы техника өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандум бар, оның шеңберінде перспективада 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Олжас Бектенов Шанхай қаласында Чжанцзян ғылыми қаласының "Роботтар алқабында" болып, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы Қытай робототехника индустриясының соңғы жетістіктерімен танысты. Қазіргі уақытта аталған ғылыми-технологиялық орталықта 80-нен астам қытайлық және шетелдік робототехника кәсіпорындары жұмыс істейді. Роботтардың кең ауқымы, оның ішінде гуманоидтар да ұсынылған. Олардың қолданылу аясы: күнделікті өмірде көмек көрсету мен қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етуден бастап, медицина, білім беру, индустриялық, ғылыми-зерттеу салаларында, құтқару жұмыстары, логистика және басқа да салаларға дейін кеңейіп келеді.
Премьер-министр Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне "Роботтар алқабының" тәжірибесін зерделеу және оны одан әрі елімізде қолдану мақсатында қытай тарапымен ынтымақтастықты жолға қоюды тапсырды..
Sensetime компаниясының кеңсесіне барған кезде қазақстандық делегация ақылды әрі қауіпсіз қала жобаларында қолданылатын жаңа шешімдер мен жабдықтарды таныстырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.11.2024, 14:17 51986
Қазақстандағы инфляция 2024 жылғы қазанда үдеп, бір жылда 8,5% құрады
Достарға айту
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы қазанда үдеп, бір жылда 8,5% (2024 жылғы қыркүйекте - 8,3%), бір айда - 0,9% құрады (өткен айда - 0,4%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Өткен жылғы қазанмен салыстырғанда тарифтер суық суға - 60,3%, орталықтан жылытуға - 33,6%, су бұруға - 26,9%, электр энергиясына - 22,9%, ыстық суға - 18,1%, қоқыс шығаруға - 16,3%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 11,6% өсті.
Тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,9% өсті. Баға байланыс қызметтеріне - 17,4%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне - 16,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне - 11,9%, салт-жора қызметтеріне - 11,6%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 11,4%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне - 10,8%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге - 10,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 8,8% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру - 23,7%, жолаушылар әуе көлігімен - 16,4%, қалалық автобуспен - 11,8%, таксимен 10,6% қымбаттады.
Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына - 42,1%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге - 35,3%, фармацевтикалық өнімдерге - 11%, киім және аяқ киімге - 10,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 9,8%, жеке қолданылатын тауарларға - 7,3%, құрылыс материалдарына 6,3% өсті. Ағаш - 14,8%, сұйытылған газ баллондағы - 9%, тас көмір 8,5% қымбаттады.
Бағаның өсуі қиярларға - 27,6%, қызанақтарға - 27%, темекі өнімдеріне - 15,8%, минералды және ауыз суға - 14,1%, картопқа - 13,9%, кондитерлік өнімдерге - 12,6%, салқындатылған сусындарға - 11,4%, жеміс және көкөніс шырындарға - 10,4%, жұмыртқаға 9,4% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына - 21,9%, ақ қауданды қырыққабатқа - 20,8%, сәбізге - 16,2%, күнбағыс майына 9,2% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қазанда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары - Астана қаласында (10,2%), Маңғыстау облысында (9,7%), Алматы қаласында және Батыс Қазақстан облысында (9,4%-дан).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.11.2024, 10:19Жыл басынан бері жалпы құны 900 млрд теңгеден астам актив мемлекет кірісіне қайтарылды 08.11.2024, 10:31 6201ІІМ-де алаяқтықтың түрлері туралы айтылды08.11.2024, 12:25 3581Талғардың жаңа әкімін сайлау күні белгілі болды08.11.2024, 12:54 2856Жетісу облысында есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңдары бұғатталды08.11.2024, 13:35 1901Қазақстан мен АДБ Қызылорда - Жезқазған автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қояды
01.11.2024, 16:38 112451Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 106896Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды04.11.2024, 12:52 81881Мүгедектікті белгілеу бойынша 77 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды01.11.2024, 16:27 79996Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді04.11.2024, 12:12 73126Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ливаннан қазақстандықтар эвакуацияланды
24.10.2024, 16:52 138106Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 134776Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 132141Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 127691Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 127566Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді