20.04.2023, 16:15 17551

"Павлодарэнерго" АҚ жаңа басшысы тағайындалды

Компанияға өткен жылдан бері тұрақты апаттар болып жатқан Екібастұз ЖЭО тиесілі
Павлодар. 20 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - "Павлодарэнерго" АҚ басшысы болып Беларусьтан келген маман Олег Щемель тағайындалды, деп хабарлайды KASE.
 

Директорлар кеңесінің 17 сәуірдегі шешімімен Щемель Олег Анатольевич компанияның бас директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

 
Бұған дейін директордың міндетін атқарушы қызметін Альбина Ахметова атқарған. Бұған дейін "Павлодарэнерго" АҚ-ны Вадим Лесин басқарған. Ол 11 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Екібастұзға сапарынан кейін қызметінен босатылды.
 
Еске салайық, Екібастұз жылу электр орталығында болған ірі апат салдарынан қала жылусыз қалған болатын. Осыдан кейін қала тұрғындары тұрақты апаттардың салдарынан бірнеше рет жылусыз қалды.
 
Олег Щемель 1993 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта "Минскэнерго" Минск электр энергетикасы өндірістік бірлестігінің Минск 4-ЖЭО-да электр машиналарын жөндеу жөніндегі электрослесарь, аппаратураны, релелік қорғаныс және автоматиканы жөндеу жөніндегі электромонтер, электр цехының өндірістік учаскесінің шебері болып жұмыс істеді.
 
1998 жылы "Минскэнерго" Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының "Минск 4-ЖЭО" филиалы электр цехының бастығы лауазымына тағайындалды.
 
2000 - 2007 жылдар аралығында - "Минскэнерго" Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының "Минск 4-ЖЭО" филиалы электростанциясының ауысым бастығы.
 
2007 жылғы ақпаннан тамыз айына дейін "Минскэнерго" Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының "Минск 4-ЖЭО" филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.
 
2007 жылы "Минскэнерго" Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорны "Минск 4-ЖЭО" филиалының пайдалану жөніндегі бас инженерінің орынбасары болып тағайындалды.
 
2013-2019 жылдар аралығында "Минскэнерго" Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорны "Минск 4-ЖЭО" филиалының бас инженері лауазымында қызмет еткен.
 
2019 жылғы ақпаннан қазан айына дейін Минск қаласы "Белэнерго" электр энергетикасы мемлекеттік өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген.
 
2019 жылдан 2023 жылғы сәуір айына дейін - "Минскэнерго" Минск республикалық унитарлық электр энергетикасы кәсіпорнының бас директоры лауазымын атқарған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны