22.06.2022, 17:24 21631

БҚДА "Алтын Орда" базарының қызметіндегі бұзушылықтарды анықтады

БҚДА "Алтын Орда" базарының қызметіндегі бұзушылықтарды анықтады
АЛМАТЫ. 22 МАУСЫМ - "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС-нің қызметін сауда нарығына қатысты бәсекелестік заңнаманы сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өңірлік прокуратураның қаулысы негізінде Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент мамандары 2022 жылғы наурызда "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС қызметін тексеруге қатысту барысында "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС бұйрығына сәйкес, сауда орнын күнделікті жалға алу бағасы жүк көлігінен 15 000 теңгені, КАМАЗ және MAN автокөліктерінен -7000-8000 теңгені, Sprinter автокөлігінен - 6000-7000 теңгені, ГАЗель автокөлігінен - 5000 теңгені, жеңіл автокөліктерден - 3500 теңгені құрайтыны анықталды", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

 
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент 2021 жылы наурыз айында өңірдің географиялық шекарасы бойынша көтерме-әмбебап нарықтарда көтерме сату үшін сауда орындарын ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізді. 
 
Талдау нәтижесінде "Altyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС 100% үлесімен монополиялық жағдайға ие екені анықталды.
 

Осы нарықтың маңыздылығын және сауда орындарына бағаның жоғары болуы азық-түлік өнімдеріне, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне әкеліп соқтыратынын ескере отырып, сауда нарығының әрекеттерінде монополиялық жоғары бағаны белгілеуге және ұстап тұруға бағытталған үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды", - деп түсіндірді агенттіктің баспасөз қызметі.

 
Тексеру қорытындысы бойынша 2022 жылдың мамыр айында "Altyn Orda QazTrade LTD"ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, "Алтын Орда" базарының жұмысында 1,1 млрд теңгенің бұзушылығы анықталған.
 
Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарының қызметін тәртіпке келтіру жөніндегі тапсырмасынан кейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бірқатар бақылау іс-шараларын өткізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны