05.01.2023, 17:19 25361

Талдықорғанда Серік Күдебаевтың соты басталды

Күдебаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігі (Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша айып тағылған
Талдықорған. 5 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ісі бойынша сот басталды.

Бүгін Талдықорғанда алғашқы сот отырысы өтті.

Бастапқыда сот процесі жабық болады деп жоспарланған. Бірақ қазір ашық өтіп жатыр", - деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.


Серік Күдебаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігі (Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.

Айта кетерлігі, бүгін Парламент Мәжілісінде Бас прокуратура ұсынған фильмде Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың жұмыс орнын тастап кетіп бара жатқан видеосы жарияланған.

Мына кадрлардан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, сол кезде комендант болған Серік Күдебаевтың мекеме ғимаратын тастап кеткенін көруге болады", - деп баяндалған фильмде.


Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны