28.02.2023, 09:36 22571

Алматы облысында көшкін түсті

Екі жеке тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды
Алматы облысында көшкін түсті
Сурет: gov.kz
Қонаев. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан "Бурабай" коттедж қалашығында топырақ көшкіні болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші пультіне 27 ақпан күні сағат 09:50-де Талғар ауданы Бесағаш ауылының "Бурабай" коттедж қалашығында топырақ көшкіні түскені туралы хабар түсті.

gov.kz

25-26 ақпан аралығында қар аралас жаңбыр жауып топырақ батпақтанып, нәтижесінде тау баурайынан Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды.Топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, ішкі бөлмелерге кірді. Екінші үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, "Қазселденқорғау" ММ, Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды", - деп хабарлады ведомстводан.


gov.kz

Түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр.

Бұған дейін хабарланғандай, алматылықтар Кеңсай ықшамауданындағы тау кесіндісіне байланысты көшкіннен қауіптеніп отыр.

Бұған дейін Алматы тау бөктерінің тұрғындары көшкін қаупіне байланысты үйлерінің жанында тұрғын үй кешендерін салуға тыйым салуды талап еткен болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны