07.09.2022, 17:23 20831
Алматыда тау баурайында ағаштарды өртеген күдікті ұсталды
Сурет: telegram/kris_p_almaty_official
Достарға айту
Бейнекамералар мен куәгерлік жауап алудың көмегімен Бостандық ауданында болған өртке кінәлі күдікті ер адам анықталды. Бұл – 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады", - делінген полиция мәліметінде.
Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан.
Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", - деді полициядан.
Еске салайық, кеше Көктөбе баурайында тұтанған өртпен күрес жүріп жатқан кезде, Көктөбе саябағына жақын жерде ағаш арасында от жағып жатқан ер адамның видеосы тараған болатын. Алматы қалалық Полиция департаменті Бостандық ауданының полиция басқармасы видеоны дереу тексеруге кірісті.
Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекетті жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады", - делінген болатын полиция хабарламасында.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.02.2025, 13:13 16841
Жамбыл ауданында орын алған жол апатынан біреуі жарақаттанып, үш адам қайтыс болды
Достарға айту
Жамбыл ауданында орын алған жол апатынан біреуі жарақаттанып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облысының полициясының баспасөз қызметінен.
4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 10:02 20491
Қарағанды облысында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті
Достарға айту
Қарағанды- Сұрыптау станциясында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 1 ақпан сағат 15:30-да Қарағанды- Сұрыптау станциясында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала себеп - Өзбекстаннан келген компания иесі болып табылатын вагонның бүйір жақтауының сынуы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 08:11 32346
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды
Достарға айту
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көрді.
Құтқарушылар көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған айелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.
Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады. Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 11:44 44461
Алматыда зауыт ғимараты өртенді
Достарға айту
Алматыда зауыт ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді.
Нақтыланған мәліметтерге сәйкес екі қабатты полиуретан желімін өндіретін цехта 250 ш.м. алаңда өрт шыққан.
Өртті сөндіру цехтың өндірістік процесінде айналатын тез тұтанғыш сұйықтықтардың, уытты заттардың жоғары жанғыш жүктемесі болуымен күрделенді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:14 56886
"Қазақмыс" шахтасында жұмысшы қаза тапты
Достарға айту
Қазақмыс" компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің "Анненск" шахтасында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
Қазақмыс басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 15:18 56621
Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды
Достарға айту
Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды. Полиция қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қаңтар күні сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау - Ақтау - Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара - Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болды. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған.
Бақытымызға қарай, зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Олардың өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 14:56 75026
Алматыда 10 мыңнан астам пәтер мен үй тұрғындары газсыз қалды
Достарға айту
QazaqGaz Aimaq" АҚ 2025 жылғы 16 қаңтарда үшінші тараптардың кәріз құбырларын төсеу үшін жүргізген жер қазу жұмыстары барысында белгісіз тұлғалар QazaqGaz Aimaq-тың орташа қысымды жерасты газ құбырының учаскесіне зақым келтіргенін хабарлайды. Оқиға асфальт жабынын тесу кезінде жеке тұлғалардың біліктілігі жеткіліксіз әрекеттерінің нәтижесінде орын алды, деп хабарлайды QazaqGaz Aimaq.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы газ құбырының зақымдалған учаскесінің авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел орындауға кірісті.
Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде келесі объектілерге газ беру уақытша тоқтатылады:
- көпқабатты тұрғын үйлердегі 8 048 пәтер;
- жеке сектордағы 2 543 үй;
- 67 коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындар.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, біз жергілікті тұрғындардан жұмыстарды жүргізу уақытында газ крандарын жабуды және іске қосу-жөндеу іс-шаралары аяқталғанға дейін крандарды ашпауды сұраймыз.
Компания сондай-ақ инженерлік коммуникацияларға жақын кез келген жұмыс тек тиісті органдардың рұқсатымен және барлық қажетті қауіпсіздік нормалары мен стандарттарын сақтай отырып жүргізілуі тиіс екенін еске салады.
Құрметті азаматтар, күнделікті өмірде табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ұмытпаңыз. Газдың иісі немесе газдың ағып кетуіне күдік анықталған жағдайда, 104 нөмірі бойынша "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлаңыз.
Компания қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі түсіністік пен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 10:10 78926
Ақтау маңындағы ұшақтың апатқа ұшырауы - Көлік министрлігі мәлімдеме жасады
Достарға айту
ҚР Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы Комиссиясының жұмысы жалғасуда.
Алдын ала есеп жарияланғанға дейін Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді", деп мәлім етті министрлік.
Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.02.2025, 09:43Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды 10.02.2025, 10:15 8611Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді10.02.2025, 11:23 7126Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді - ІІМ10.02.2025, 11:25 7101Астанада 11-15 ақпан аралығында "Жұмысшы мамандықтар қаласы" атты бірегей интерактивті көрме өтеді10.02.2025, 09:57 5961Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды
06.02.2025, 17:46 113016Түркістан облысында "Ауыл аманаты" және "Ауыл - Ел бесігі" жобаларын біріктіру мәселесі талқыланды06.02.2025, 17:43 111941Алматы облысының әкімі Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды07.02.2025, 16:21 91041Алматы қуыршақ театры Канадада Халықаралық фестивальде Гран-при жеңді07.02.2025, 16:23 90856Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр07.02.2025, 16:26 90646Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды
24.01.2025, 16:38 134451Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 131691Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 131386Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 128726Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда30.01.2025, 18:56 121241Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады