28.12.2022, 09:41 51366

"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды

Ол 11 миллион теңгеден астам пара алды деген күдікке ілінді
"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды
Сурет: Depositphotos
Астана. 28 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - "Қала маңы тасымалы" басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі.

Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады", - деп хабарлады Антикор.


Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін хабарланғандай, "Қазселденқорғау" басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны