05.03.2022, 15:18 157291

Министрлік Орталық Азия елдерінің өңірлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты

Министрлік Орталық Азия елдерінің өңірлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты

Сурет: МИОР РК

Ташкентте "БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде Орталық Азия елдерінің өңірлік ынтымақтастығы" тақырыбында жоғары деңгейдегі халықаралық конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY

Ағымдағы жылғы 3-4 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өкілдері өзара Терроризмге қарсы ынтымақтастықтың нәтижелерін бағалау мәселелерін талқылады.


Қазақстандық делегация құрамында АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров қатысты.


Б.Бакиров министрліктің дін саласындағы іске асырып жатқан мемлекеттік саясаты туралы баяндама жасап, отандық заңнамамен, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттарымен таныстырды.


Іс-шарада бұрын қолданыста болған бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберіндегі 10 жылдық ынтымақтастықтың қорытындылары шығарылып, терроризмге қарсы күрес саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастық перспективаларының ағымдағы және болашақ үрдістері талқыланды.


Конференция соңында Орталық Азияда Жаһандық терроризмге қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары ұсынылып, мақұлданды, сондай-ақ "Ташкент декларациясы" қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны