Қазақстанда ЖИ және атом өнеркәсібі саласындағы мамандар дайындалуда
Бүгінде инженерлік бағыттар бойынша кадрларды даярлауды 54 жоғары оқу орны жүзеге асырады, білім алушылар контингенті 100 мыңнан асады. Техникалық бағыт тек инженерлік саламен шектелмей, қоршаған орта, физикалық және химиялық ғылымдар, геология, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, көлік қызметі және басқа салаларды да қамтиды. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова ОКҚ брифингінде Қазақстанда инженерлік білім бірқатар сын-тегеуріндерге тап болып жатқанын атап өтті.
Мәселен, ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының ескіруі, ЖОО-лар мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланыстың жеткіліксіздігі, жастар арасында инженерлік мамандықтардың тартымдылығының төмендігі сынды проблемалар бар. Оларды шешу үшін қазірдің өзінде біршама бастамалар жүзеге асырылып жатыр.
Жаңа модель мектептерде инженерлік сыныптардың ашылуынан бастап ерте кәсіптік бағдарлауды, сондай-ақ техникалық жоғары оқу орындарының өндіріспен толық интеграциясын көздейді. Жоғары білім беруді дамыту тұжырымдамасында озық кадрлық қамтамасыз ету моделіне көшу көзделген. Бұл "Мамандығым-Болашағым" жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жоба шеңберінде 17 өңірдің 20 жоғары оқу орны қатысуда. 9 өңірде 45 сала бойынша кәсіптердің Өңірлік атластары әзірленіп, 500-ден астам жаңа кәсіптер айқындалды", - деді спикер.
Нәтижесінде биыл жаңа кәсіптердің салалық атластары мен өңірлік карталар негізінде 91 ЖОО-да 902 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. "Мамандығым-Болашағым" жобасы аясында Edunavigator.kz платформасында 100 мыңнан астам оқушы кәсіби тестілеуден өтті. Оның ішінде 12 мыңнан астам оқушы инженерлік бағытты болашақ мамандығы ретінде таңдауға ниетті екенін көрсетті. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында 30-дан астам құзыреттілік орталығы құрылды, олар жұмыс берушілердің сауалнамаларынан бастап аймақтық карталар мен кәсіптер атласы негізінде кадрлар даярлаудың жаңа бағдарламаларын әзірлеуге дейін жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 8 ЖОО базасында ірі өндірістік бірлесіп, "Индустриялық РhD" бойынша дайындық басталды. Бүгінгі таңда 94 докторантбар. Докторанттар кәсіпорындардың нақты міндеттерін шешуге бағытталған зерттеулер жүргізеді және кәсіпорындар үшін рационализаторлық ұсыныстар әзірлейді. Бұл бағдарлама бойынша докторанттар санын біртіндеп ұлғайту қарастырылған", - деді ведомство өкілі.
Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетелдік студенттер білім алып жүр. Жыл сайын мемлекет 200 шетелдік ғалымды шақыруға қаражат бөледі. Ғылым және жоғары білім министрлігі әлемнің барлық негізгі өңірлерінен серіктестерді тарта отырып, Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру бойынша елеулі жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта 12 елдің жоғары оқу орындарымен 34 стратегиялық әріптестік орнатылды, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Франция, Оңтүстік Кореяның беделді 16 универсиетінің филиалы ашылды. Филиалдардың бағдарламалары мен мамандықтарының басым бөлігі техникалық бейіндегі кадрларды даярлауға бағытталған.
Жалпы, шетелдік серіктес универсиеттерді іріктеуде жекелеген салалардағы экономикалық қажеттілікке, сондай-ақ өңірлердің сұраныстары мен ұсыныстары ескерілді. Мысалы, Heriot Watt University жоғары оқу орнының филиалы Ақтөбе университетінің базасында "Электротехника және энергетика"; "Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бойынша кадрлар даярлау үшін құрылды. Тараз университетінің базасындағы РХТУ филиалы Химия және химиялық технологиялар саласында кадрлар даярлайды.
Бұл тәсіл түлектерге жергілікті кәсіпорындардың сұранысына ие болуға, сондай-ақ халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.