Ташкентте Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі аяқталды
Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Ташкентте Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі аяқталды. Байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстанның 18 ЖОО түлектері дипломант атанды. Бұл фестиваль 2019 жылдың 14-18 қараша аралығында Ташкент сәулет-құрылыс институты, Турин политехникалық университеті, М.Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институты, Бұқара инженерлік-технологиялық институтының қолдауымен өткен болатын.
Дәстүрлі форумға Еуразияның 19 елінен 80 университет қатысты. Соның ішінде Қазақстанның 18 жоғарғы оқу орны 90 астам жұмысын ұсынды. Бұл "Сәулет", "Дизайн", "Құрылыс", "Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндіру", "Инженерлік жүйелер мен желілер", "Көліктік құрылыс", "Геодезия және картография", "Кадастр және жерге орналастыру" бағыттары бойынша республикалық байқаудан іріктелген жобалар.
Халықаралық байқауғабакалавриат пен магистратура бойыншабарлығы 552 жұмыс ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша Қазақстан жоғарғы оқу орындарының 50 астам түлегі бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі жоғарғы оқу орындарының мамандары, сәулет-құрылыс саласының кәсіпқойлары, жас сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайнерлердің басын қосатын ғаламдық шығармашылық алаң. Жыл сайынғы дәстүрлі байқау талантты жастарға өз әлеуетін танытуға, кәсіптік қызметін бастауға жол ашады.
10 жылдың ішінде Халықаралық фестиваль Еуразияның 150 астам жоғарғы оқу орындарының басын қосып, әлемдік қауымдастық алдында беделін көрсетті. Білім саласындағы интеграция, тәжірибе мен идея алмасу әріптестікті арттырады, сәулет-құрылыс саласына жаңа трендтер енгізеді.
Халықаралық фестивалға Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясының президенті Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов бастамашы болды. Осылайша ҚазБСҚА шетелдегі университеттердің базасында халықаралық ауқымды шараны өткізген еліміздегі алғашқы жоғарғы оқу орны.
IX Халықаралық фестивалдің Қазақстанның Өзбекстандағы жылымен тұспа-тұс келуі екі ел арасындағы мызғымас достық пен келісімді білдіреді.
Ұйымдастырушылар форумнан кейін студенттік жобалардың жинағы мен қатысушылардың мақалаларын жариялайтын болады. Келесі фестиваль Ресейдің Новосібір қаласында өткізілмек.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Алматыда 2025 жылы зейнеткерлер үшін 1 мың жұмыс орнын субсидиялау жоспарлануда
2024 жылы Алматыда зейнеткерлердің жалақысын жергілікті бюджеттен ең төменгі жалақы мөлшерінде субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыру үшін "Алтын жас" бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама 700 - ден астам адамды қамтыды, 2025 жылы 1000 зейнеткерді қолдау жоспарлануда", - деп атап өтті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанада мектеп оқушылары арасында "Рақмет, ана" челленджі басталды
Бұл челлендждің мақсаты - аналарға деген зор алғысымызды білдіріп, олардың отбасындағы маңызды рөлін ерекше атап өту және ұрпағы үшін жасаған барлық жақсылығын бағалау. Бұл бастама оқушылардың өздерінің аналарын қадірлеуге, құрметтеуге шақырады. Сонымен қатар "Рақмет, ана" челленджі жастардың аналарға деген сүйіспеншілігін білдіруге тамаша мүмкіндік береді", - деді қосымша Астана қаласы Білім басқармасының білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гульфара Сарамбетова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" деген сөз бекер айтылмаған. Әйел - шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана - тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де, ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де - сіздер! Сондықтан, бүгінгі мейрамда барша ер-азаматтар өздеріңізге ақ тілегін арнап, ықылас-ілтипатын білдіріп жатыр. Солардың ішінде мен де Мемлекет басшысы ретінде әйелдерге тілегімді, лебізімді айтып тұрмын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тұмар мен Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында. Сіздерді ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қазақ әйелінің ізбасары деуге болады. Әйелдер қауымы күрделі кезеңдерде аянбай еңбек етті, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне белсене атсалысты. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Бүгінде сіздер санасы сергек, ойы азат ұрпақ өсіріп, Отанымыздың өркен жаюына айрықша үлес қосып келесіздер. Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде. Бүгін Ақордаға шақырылған әйелдер арасында Отанымызға әр салада еңбек сіңірген білікті мамандар бар. Мен баршаңызға зор алғыс айтамын!" - деді Президент.
Ана мен баланың жағдайы дұрыс болса, әлеуметтің жағдайы да дұрыс болады. Сондықтан болашағын ойлаған ел, ең алдымен, әйелдердің жағдайын жақсартуды ойлайды. Мемлекетіміз әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән береді. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Менің тапсырмаммен отбасы институтын нығайтуды көздейтін маңызды шаралар қабылданды. Барлық аймақта қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсететін орталықтар ашылып жатыр. Көп балалы аналарды қолдаудың ұлттық моделі қалыптасты. Соның арқасында жыл өткен сайын көп балалы отбасылардың саны артып келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі - әйелдер. Білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың 70 пайыздан астамы да - әйелдер қауымы. Сондай-ақ олар төтенше жағдайлар, қорғаныс және құқық қорғау органдарында табысты жұмыс істеп жүр. Көптеген әйелдер лауазымды қызметтер атқарады, Сіздердің араларыңызда да табысты басшылар аз емес. Қыз-келіншектер бизнесте де жетістікке жетіп жүр. Бойларыңыздағы мақсаткерлік пен жасампаздық қуаты ең батыл бастамаларыңызды жүзеге асыруға көмектесіп келеді. Берік азаматтық ұстанымдарыңызды танытып, қоғамдық жұмысқа да жан-жақты атсалысасыздар. Маңызды бастамалар мен халыққа қажетті әлеуметтік жобаларды іске асырып жүрсіздер. Қай іспен айналыссаңыздар да жауапкершілікпен қарап, ұдайы оң нәтижеге қол жеткізіп келесіздер. Әлемдік додаларда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аруларымыз да бар. Біз қажырлы еңбегімен, ерен ерлігімен танылған қыз-келіншектерді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік жылдары өз саласының үздігі атанған 8 әйелге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді", - деді Мемлекет басшысы.
Мысалы, мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан тоғыз құрметті атақ енгізілді. Бүгін осындай екі марапатты алғаш рет тапсырылады. "Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" атағы еңбек ардагері Ольга Шелудькоға беріледі. Ал өндіріс озаты Майра Ерманова "Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" атанып отыр. Осындай нағыз еңбек адамдарына бүкіл ел болып құрмет көрсетіп, оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Жұмысшы мамандықтары жылының түпкі мәні де - осы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілер мен тұрғындарды алыс сапарлардан бас тартуға, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырады. Абай болыңыздар, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", - деді Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 58 мыңнан астам тапсырыс берді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейд өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
СҚО-да 88 елді мекен ауыз сусыз отыр
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.03.2025, 10:15Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа стадион салынады 12.03.2025, 10:23 10261ТЖ бастамасы бойынша теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді12.03.2025, 15:07 9841Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама енгізілмек12.03.2025, 15:38 9596Қазақстан әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді12.03.2025, 10:25 4751Жетісу облысында табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы пара алды деп күдіктелуде
07.03.2025, 16:20 133321Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 130521Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 130486Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді07.03.2025, 16:15 116866Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 106751Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі
13.02.2025, 08:03 270106ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261226Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207811Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 169316Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167811Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады