25.05.2021, 22:17 6748

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүргені үшін тағы да айыппұл салынады

26 мамырдан бастап "Сергек" АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойынша айналма жол айырығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде бір бағытта "бөлінген қоғамдық көлік жолағымен жүру" бұзушылықтарын тіркеуді қайта бастайды.
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Нұр-Сұлтанда "Сергек" АӨК бөлінген қоғамдық көлік жолағы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеуді қалпына келтіруде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы жылдың 26 мамырынан бастап "Сергек" АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойынша айналма жол айырығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде бір бағытта "бөлінген қоғамдық көлік жолағымен жүру" бұзушылықтарын тіркеуді қайта бастайды. Аталған бағытта тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ осы жолақтың бар екендігі туралы хабардар ететін жол таңбасы салынған, олардың талаптарын сақтау міндетті болып табылады", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін хабарланғандай, жүргізушілерге Нұр-Сұлтандағы автожолдардың кейбір учаскелерінде қоғамдық көлік жолақтарымен жүруге рұқсат етілген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны