27.10.2021, 18:52 109674

Нұр-Сұлтанда медициналық техника бойынша бірінші халықаралық форум өтті

Іс-шараға дәрілік препараттарды әзірлейтін, өндіретін жетекші отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялар қатысуда.
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАЗАН - Елордада "Medtech" медициналық техника жөніндегі бірінші халықаралық форум өтті. Форум 17-ші қазақстандық халықаралық "Astana Zdorovie-2021" көрмесі аясында өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Іс-шараға дәрілік препараттарды әзірлейтін, өндіретін жетекші отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялар қатысуда.
 

Пандемия елді вакциналармен, дәрілік заттармен ғана емес, медициналық жабдықтармен де қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті. Қазақстанда біз мұны басым бағыт ретінде белгіледік. Біздің үлкен әлеуетіміз бен мүмкіндіктеріміз бар", - деп форум қатысушыларына арнаған сөзінде Е. Тоғжанов пандемия кезеңінде аталған форумды өткізудің өзектілігін атап өтті.

 
Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту жөніндегі арнайы кешенді жоспар қабылдағанын, оны іске асыру 2025 жылға қарай отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 50%-ға дейін арттыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Е.Тоғжанов денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту туралы айта келе, 2025 жылға дейін кемінде 20 заманауи аурухана, 3 онкологиялық орталық, 12 зертхана, медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізуге арналған орталық салу жоспарланғанын жеткізді. Оларды медициналық жабдықпен жарақтау кезінде отандық өндірушілерге басымдық берілетін болады.
 
Сондай-ақ вице-премьер көрмеге қатысушылардың павильондарын аралап, фармкомпаниялар өкілдері мен медициналық техника өндірушілеріне жемісті жұмыс тіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны