22.12.2021, 18:13 29381

Алматылықтар онлайн-режимде электр энергиясын өшіру орындары мен себептері туралы біле алады

Электр энергиясын берудегі уақытша шектеулердің интерактивті картасы "Алатау жарык компаниясы" сайтының "Апаттық өшіру" бөлімінде орналасқан.
Алматылықтар онлайн-режимде электр энергиясын өшіру орындары мен себептері туралы біле алады
АЛМАТЫ. 22 ЖЕЛТОҚСАН - Алматылықтар электр қуатының қай аумақта және неліктен өшкенін онлайн біле алады.
 
Енді үйде, жұмыста, қоғамдық және басқа жерде электр энергиясы өшкен кезде, интернетке шығатын кез келген құрылғысы (смартфон, компьютер, планшет) бар адам қаланың электр желісіндегі мәселе туралы қажетті ақпаратты біле алады. Бұл туралы "Алатау жарык компаниясы" АҚ-да мәлімдеді.
 

Энергиямен қамту қызметі бойынша жедел деректер өзіне электр энергиясы апатты жағдайда тоқтатылған аумақты, оның өшкен және қалпына келтіру уақытын, байланыс орталығының телефон нөмірлерін қамтиды. Онда кезекші операторлар Алматы қаласында электр энергиясын өшірудің қандай да бір жағдайы туралы толық ақпарат береді", - деді компаниядан.

 
Электр энергиясын берудегі уақытша шектеулердің интерактивті картасы компания сайтының "Апаттық өшіру" бөлімінде орналасқан.
 
Компанияда мәлім еткендей, жоба ҚР Президентінің цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу туралы Жолдауы, сондай-ақ, Алматы тұрғындарын электр энергиясын өшіру туралы хабарлануын арттыру бағдарламасы шеңберінде әзірленді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны