30.06.2022, 16:01 15221

Қазақстан маска режиміне қайта оралуы мүмкін - Тоғжанов

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары елдегі коронавирус инфекциясы ахуалы туралы баяндады.
Қазақстан маска режиміне қайта оралуы мүмкін - Тоғжанов
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі коронавирус инфекциясы ахуалы туралы баяндады. 
 

Әзірге ең маңызды мәселе вакциналау болып отыр, айтарлықтай күрделі жағдай жоқ. Дегенмен, науқастар саны көбейсе, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін науқастар саны артып келеді, сондықтан мәселе жоқ емес, бар. Карантин талаптарын күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Тек қана маска тағу жөнінде емес, жалпы шаралар туралы", - деп жауап берді Е. Тоғжанов Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында. 

 
Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 137 адам коронавирус жұқтырды
 
Бірнеше күн бойы елімізде короновирус жұқтыру деректері артып келеді. Соңғы күндері бұл көрсеткіш бірден 20 есеге көбейген.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны