15.03.2021, 21:51 8544
Бекшин Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты
Достарға айту
Жандарбек Бекшин шектеу шараларын жалғастыру керектігін баса айтты.
Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 5000 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орындарды толығымен аламыз. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Уақтылы шаралар қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз - бұған жол бермеу", - деді ол ZOOM конференциясы барысында.
Еске салайық, 10 наурызда Алматы "қызыл" аймаққа енді. Карантин режимі қалада 13 наурыздан бастап күшейтілді. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис мектептерінде сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспайтынын айтқан болатын.
Сонымен қатар, өткен демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда, қалада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.12.2024, 16:59 536
Алматыда 80 шыршаның шамы жағылды: қалада мерекелік шаралар бастау алды
Достарға айту
Алматыда бір мезетте 80 жаңа жылдық шыршаның шамы жағылып, бұл мерекелік маусымның символдық басталуын көрсетті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Абай алаңында Алматының басты жаңа жылдық шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Оның биіктігі 25 метр. Биыл мегаполис шыршасы алғаш рет классикалық стильде жасалып, қаңқалы емес, табиғи діңді болды. Шыршаны безендіру үшін алты метр гирлянда, түрлі-түсті шарлар мен жаңа жылдық ойыншықтар қолданылған.
Рәсімге ауа райы ертегідей ерекше атмосфера сыйлады: жаңа жылдық арудың айналасын сиқырлы қар қоршап тұрды, ал мамықтай аппақ қар ұлпалары мегаполистің басты шыршасын безендіріп тұрды.
8 мыңнан астам алматылық пен мегаполис қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен керемет шоуды тамашалады.
Мен жас орындаушыларды қолдап, құттықтау үшін келдім. Шырша өте әдемі, бәрі тамаша ұйымдастырылған. Концерт те керемет өтті, ал қарлы ауа райы нағыз жаңажылдық көңіл-күй сыйлады", - деді мегаполис тұрғыны Сергей Дмитриевич.
Концерттік бағдарламаны "BS band" үрмелі оркестрі ашып, жаңажылдық әуендерден попурри орындады. Роза Рымбаеваның сахнаға шығуы ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Халық әртісі "Снег идет" және "Жұлдызды жаңа жыл" әндерін орындап, кешті жылулық пен жағымды эмоцияға толтырды.
Бүгін алматылықтар мен қала қонақтарына жаңажылдық көңіл-күйді Назым Әбілдина, Мәди Рымбаев, Динара және Балжан Бидаш сыйлады. Әсіресе жастар "ALPHA" тобы, Dakelot, "ASTRA" тобы, Малика YES және Adil өнерін асыға күтті.
Мен Жаңа жылды қатты жақсы көремін. Мұндай шаралар бақыт сыйлайды. Мұндай керемет мерекені ұйымдастырған әкімдікке алғысым шексіз. Жауған қар да ерекше атмосфера сыйлап, бәрі өте ертегідей болды", - деді Алматы тұрғыны.
Turar-дың "Жаңа жыл" әнімен қаладағы алғашқы жаңажылдық концерт аяқталып, көрермендерге мереке алдындағы керемет көңіл-күй сыйлады.
Ертегідегідей атмосфераны күймедегі Күлбике, Зімбір адам, бұғылар және басқа да кейіпкерлер бейнеленген көркем безендіру элементтері, жарқыраған фотоаймақтар мен жарық инсталляциялары толықтырды.
Айта кетейік, қаладағы барлық ауданда шырша жағу рәсімдері концерттер мен әртүрлі шаралармен бірге ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ бүгін Абай алаңында басты жаңа жылдық жәрмеңке ашылды. Ол 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жұмыс істеп, тұрғындар мен қонақтарға кәдесыйлар, қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен мерекелік әшекейлер ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:50 741
Биылғы желтоқсан айында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді
Достарға айту
Осы жылдың желтоқсан айының басынан бастап еліміздің өңірлерінде 250-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, оған миллионға жуық азамат қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мұндай деректер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, жәрмеңкелерді өткізу тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие болуда, әкелінетін өнім көлемі толығымен сатылып жатыр.
Ең көп картоп Қарағанды облысында сатылды - 110 тонна, Алматыда - 90 тонна, Шымкентте мерекелік демалыс күндері 45 тонна картоп сатылды", - деп атап өтті бірінші вице-министр.
Жәрмеңкелермен қатар өңірлердегі сауда сөрелеріне тұрақтандыру қорындағы көкөністер шығарылуда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 19 желтоқсан күнгі мәліметке сәйкес тұрақтандыру қорындағы 9,2 тонна картоп, 2,6 тонна сәбіз, 2,8 тонна пияз бен 2,1 тонна қырыққабат сатылды. Сондай-ақ кеңесте әр өңірдің қажеттілігін ескере отырып, алдағы мамыр айына дейін қорлардағы көкөністерді сату кестесі ұсынылды.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының орташа өсу индексі - 0,1%-ды, ал жыл басынан - 1,1%-ды құрады.
Жиын соңында Серік Жұманғарин жәрмеңкелерді белсенді ұйымдастыруды және мереке қарсаңында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында сауда заңнамасына миемлекеттік бақылауды күшейтуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:53 27016
Елорданың орталық саябағында шаңғы маусымының ашылуы өтеді
Достарға айту
Астанада 22 желтоқсан күні орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл - таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік.
Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады.
Қатысу шарттары:
- Өз шаңғыларыңыз болуы міндетті.
- Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:39 27221
2024 жылғы 1 желтоқсанда 411 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Достарға айту
2024 жылғы 1 желтоқсанда 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 желтоқсанға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 128,8 мың балаға 5,0 млрд. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:24 27446
Астанада рекордты көлемде мектептер салынды
Достарға айту
Астанада рекордты көлемде мектептер салынды. Оқу жылының басында 18 мектеп салынып, ашылды. Олардың бір бөлігі - "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Қала тұрғындарының өсуін ескере отырып, әлеуметтік нысандарға қажеттілік артып келеді. Өздеріңіз білетіндей, біз әлеуметтік нысандардың құрылыс көлемін едәуір арттырдық. Мәселен, жаңа оқу жылында 18 мектеп салынды. Олардың 11-і Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтерді", - деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарда да салынып жатыр. Мысалы, желтоқсан айында Үркер тұрғын алабында жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта №69 мектеп-лицейінде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа мектеп толып кету мәселесін шешеді. Балалар жаңа мектепте үшінші тоқсаннан бастап оқиды.
Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл оқу орындары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Астанада осы жылдың соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алдағы жылдарға да дайындық жүріп жатыр. Мысалы, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салынып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.12.2024, 17:48 43981
Астанада "Жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды
Достарға айту
Астана қаласының "Көпбалалы отбасылар" мен "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаттары үшін "Жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Тұрғын үй орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарламаның нәтижесі төмендегі тізіммен берілген:
Көпбалалы отбасылар" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.
Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты, өте сақ болу қажет. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан тұрғын үй беру үшін несиелерді, қарыздарды өтеуді және шотты бұғаттаудан шешуді сұрамайды", - делінген орталық хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.12.2024, 13:31 44186
Астанада еліміздің басты шыршасы жағылды
Достарға айту
Бүгін 18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам мерекелік шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Іс-шараға 15 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Барлық орында көптеген ойын-сауық түрлері ұйымдастырылған: мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар.
Ең биік 25 метрлік шыршалардың шамы "Астана Арена" стадионының тұрағында және "Қазақ Елі" монументінің алаңында жағылды. "Астана Арена" стадионының тұрағындағы 25 метрлік шырша жарық декоративті ұлпа қармен және өрнектермен, сары және қызыл реңдегі 2500 ойыншықпен, гирляндалармен және т.б. безендірілген. Шыршаны жағу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, AYREE, балалар хоры мен би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, сырғанақтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыптағы фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Нұра ауданында бүгін тағы сегіз орында шырша шамы жағылды: орталық саябақта, "Зеленый квартал" ТК скверінде, Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал скверінде, "Сарыарқа", "Керуен Сити", "Азия парк", "Хан Шатыр" және "Айланд" сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында және Сығанақ пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында.
Сарайшық ауданындағы Қазақ елі алаңында шырша шамын жағу кезінде қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама, балаларға арналған аниматорлар және түрлі ойындар ұйымдастырылды. Келушілер ән айтты, би биледі, сырғанақ пен мұз айдынында көңіл көтерді, фотоаймақтарда естелік үшін суретке түсті. Орналасқан жердің өзінде 2 мұз айдыны, екі сәулесі бар сырғанақ, биіктігі 25 метрлік шырша, шағын архитектуралық нысандар мен жарық-люминациялық пано орнатылған.
Сондай-ақ, Сарайшық ауданындағы "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы маңында жаңа жылдық шырша жағылды.
Алматы ауданында жаңа жылдық шыршалар шамы Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының аумағында, "Sana Sport" Спорт кешенінің аумағында, Рысқұлбеков көшесіндегі "Алма" саябағында, Astana Music Hall (құмыра) маңында және Қошқарбаев даңғылы, 80/1 мекенжайында жағылды.
Есіл ауданында, ЭКСПО аумағында 23 метрлік шырша да жарқырап тұр. Шырша 4000-нан астам ойыншықпен безендірілген, олардың ішінде диаметрі 15-тен 40 см-ге дейінгі шарлар, гирляндалар және т.б. бар. Алаңда сырғанақтар мен мұз айдыны бар, елорда тұрғындары мен қонақтары шағын архитектуралық нысандардың фонында ертегі кейіпкерлерінің жанында суретке түсе алады.
Байқоңыр ауданында бес орында жаңа жылдық шыршалар мына орындарда безендірілді: Жастар сарайының аумағы, К.Ататүрік атындағы саябақ, Ж.Тәшенов көшесінде, Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай мен Кеменгерұлы көшелерінің қиылысы) және Кирпичный тұрғын алабында (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы), "Қоянды" саяжай алабында. Сонымен қатар, ауданда Кеншілер, 5 және Досмұхамедұлы, 6 мекенжайлары бойынша бес метрлік екі шырша орнатылды.
Сарыарқа ауданында әртүрлі биіктіктегі 3-тен 18 метрге дейінгі алты шыршаның шамы жарқырап тұр. Олар мына мекенжайларда орнатылған: қалалық алаң, Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекеннжайындағы сквер, "Көктал" саябағы, Есіл өзенінің жағасы және Юбилейная көшесі, 22.
Естеріңізге сала кетейік, елорданың 6 ауданында бүгін 30-дан астам мерекелік шыршаның шамы жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, сырғанақтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы қалашықтар өз жұмысын бастайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.12.2024, 15:39 54321
Еліміздің бірнеше республикалық трассаларында жол қозғалысы ашылды
Достарға айту
Еліміздің бірнеше республикалық трассаларында жол қозғалысы ашылды, деп хабарлайды "КазАвтоЖол".
2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 07:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:
Алматы облысы:
Алматы-Өскемен" автожолының 77-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қаласынан Жетісу облысының шекарасына дейін)
"Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 136-254 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Жетісу облысы шекарасына дейін).
"Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" автожолының 136-172 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Көкпек ауылына дейін)
"Көкпек-Кеген-Тюп" автожолының 0-72 шақырым аралығында (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін)
Жетісу облысы:
Алматы-Өскемен" автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскеде (Талдықорған қаласынан Көлбай ауылына дейін)
Алматы-Өскемен" автожолының 124-276 шақырым аралығындағы учаскеде (Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейін)
Алматы-Өскемен" автожолының 45-68 шақырым аралығында (Сарыөзек ауылынан-Көктал ауылына дейін Алтын Емел асуы)
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.12.2024, 11:07Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу бойынша ботқа 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті 23.12.2024, 12:40 6646Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды23.12.2024, 11:03 2406Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды23.12.2024, 16:42 1641Семейдің әкімі ауысты23.12.2024, 12:45 1631Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған 2 азаматы сотталды
20.12.2024, 12:52 80721ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда17.12.2024, 20:37 78441Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды20.12.2024, 17:06 75931Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады20.12.2024, 19:44 73961Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:42 73951Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті
12.12.2024, 17:30 111126Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 110491Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 106081ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 102046Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 101906Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады