23.07.2021, 23:11 5895

Алматының Жетісу ауданында бірқатар тұтынушылар ыстық судан уақытша ажыратылады

АЛМАТЫ. 23 ШІЛДЕ - Алматының Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 26 шілдесінен бастап 18 тамызына дейін ыстық су Жетісу ауданы аумағындағы Первомайский мұнай базасы – Геологтар көшелерінің контурында, сондай-ақ Көкжиек шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға түспейді", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

 
Хабарламада айтылғандай, қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты шектеулер енгізіледі.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, қалада жылу желілерінің гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Олар 2021 жылдың 22 шілдесінен 11 тамызына дейін Алматының 8 ауданының аумағында өткізіледі.
 

Қала тұрғындары мен қала қонақтарына сақтық шараларын сақтауды және автокөліктерді жөндеу жұмыс өткізу орындарында тұрақтаудан уақытша бас тартуды ұсынамыз", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны