28.04.2022, 17:20 28036

БҒМ оқу жылының аяқталу және емтихандарды өткізу мерзімдерін бекітті

БҒМ оқу жылының аяқталу және емтихандарды өткізу мерзімдерін бекітті
НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - Білім және ғылым министрі "2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы – 2022 жылғы 25 мамыр.
 
9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2022 жылғы 28 мамыр – 6 маусым аралығы. 11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2022 жылғы 27 мамыр – 10 маусым аралығы.
 
9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
 
  • қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2022 жылғы 28 мамыр;
  • математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 31 мамыр;
  • орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2022 жылғы 3 маусым;
  • таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 6 маусым.
 
11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
 
  • алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2022 жылғы 27 мамыр;
  • қазақ/орыс/ұйғыр/тәжік/өзбек тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;
  • Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2022 жылғы 2 маусым;
  • орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі және әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі және әдебиетінен жазбаша емтихан – 2022 жылғы 7 маусым;
  • таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 10 маусым.
 
Бұдан басқа, білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында Жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, биыл "Алтын белгі" белгісін растау үшін түлектер Назарбаев зияткерлік мектебінде математика пәнінен емтихан тапсыруы қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны