09.07.2021, 23:55 14654

Алматыда электр энергиясы жаппай өшірілді

АЛМАТЫ. 9 ШІЛДЕ - Қалада электр беру жүйесінде жаппай іркіліс орын алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алатау Жарық компаниясы" АҚ ақпараты бойынша, 9 шілде күні сағат 17.38-де 500 кВт кернеулі желілерде апат болған. 18.17-де 500 кВт транзит қосылды. АҚ тұтынушыларды қосуға кірісті.

Бұған дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы Нұр Алатау шағын ауданының тұрғындары кезекті электр қуатының өшірілгені туралы хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Алматыда соңғы уақытта энергиямен жабдықтауда іркілістер жиі байқалады. Атап айтқанда, 2 маусымда өшіру қала орталығында болды. Мұндай жағдайдың себептерінің бірі - қаланың ретсіз құрылысына байланысты желілердің шамадан тыс жүктелуі.

Бұған дейін "KEGOC" АҚ бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаев "құрылыс мафиясын" тоқтатуға шақырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны