07.07.2022, 16:56 19686

Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі

Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі
АЛМАТЫ. 7 ШІЛДЕ - Алматының Түрксіб және Наурызбай аудандарының бірқатар ғимараттары ыстық су беруден уақытша ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Алматы жылу жүйесі" ЖШС ақпараты бойынша, Алматы қаласының Түрксіб және Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру көшелер мен жилмассивтер контурларында шектелетін болады: 
 
11-ші шілдеден 15-ші шілдеге дейін: Хмельницкого – Староэлеваторская – Бакинская – Куйбышева; Шахтинская – Аяз би – Демченко – Атбасарская; Урицкого – Бейсебаева – Нурсая – Бартольда; Остроумова – Красногорска – Дегдар – Остроумова.
 
11 шілдеден 1 тамызға дейін: Райымбека – Жуалы – Абая – Алтын орда.
 

Шектеулер "Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі", - деп қосты компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны