25.08.2021, 16:22 8670

Алматының инфекциялық стационарларында коронавирустан 6 мыңнан астам адам, оның ішінде 169 бала емделуде

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 110 236 адамды құрайды.
АЛМАТЫ. 25 ТАМЫЗ - Алматының инфекциялық стационарларында коронавирустан 6 мыңнан астам адам, оның ішінде 169 бала емделуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 24 тамыз күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 1 590 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1 515 симптомдық белгілері бар және 75 симптомсыз. Барлық емделіп шығарылғандар – 676, келіп түскені – 667. Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 6 021 адам (оның ішінде 169 балалар) емделіп жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 467. ӨЖЖ – 35, инвазивті емес ӨЖЖ – 188, High flow-да 223 аппарат жұмыс істейді", - деп хабарлады Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасында.

 
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 12 868 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 12 369, симптомсыз 499 науқас бар.
 
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 3 585 адам, 2-компонетты 7 729 адам вакцинацияланды. 01.02.2021-24.08.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентпен 849 542 адам, 2-компонентпен 691 848 адам вакцинацияланды.
 
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 110 236 адамды құрайды.
 
Пандемия басталғаннан бері Алматы қаласында оң ПТР-тесті бар коронавирустың 136 603 жағдайы және коронавирус белгілері бар пневмонияның (ПЦР-) 6 435 жағдайы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны