31.12.2021, 15:10 47816

Алматының коммуналдық қызметтері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады

Жауапты тұлғалардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
АЛМАТЫ. 31 ЖЕЛТОҚСАН - Мерекелік демалыс күндері қарсаңында қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

31 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында жауапты тұлғалардың, жедел және жөндеу персоналының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Мереке күндері қалалық шаруашылық объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданды", - деп хабарлады әкімдікте.

 
 "Алматы Су" МКК ауысымына су құбыры-кәріз кешенінің 24 апаттық бригадасы мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді.
 
Барлық өрт гидранттары қосымша тексерілді.
 
Ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою және мереке, демалыс күндері кезінде мүмкін болатын штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында "АлЖЖ" ЖШС апаттық қызметтің тұрақты дайындығын қамтамасыз етті.
 
Жылу желілеріндегі зақымдарды жою үшін 7 пайдалану ауданы, 4 жөндеу-құрылыс учаскесі қосымша жұмылдырылатын болады.
 
Кәсіпорынның барлық кезекші құрамы жұмысқа жоғары дайындық режимінде кірісті.
 
 "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ кезекші бригадалардың тұрақты дайындығын қамтамасыз етті. Мереке күндері кезекшілікте 17 жедел-көшпелі бригада, сондай-ақ 3 дизельді жылжымалы электр станциясы болады. Барлық кезекші персонал жоғары дайындық режимі туралы танысып, нұсқаулықтан өтті.
 
Коммуналдық қызметтерді ұсынуда проблемалар туындаған жағдайда қалалық жедел қызметтердің мына телефондарына хабарласу қажет:
 
Жылумен және ыстық сумен жабдықтау:
 
Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өздігінше іс-әрекет жасамауды және орын алған оқиға туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ның апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлауды сұраймыз: +7 (727) 378-06-65.
 
Сумен жабдықтау және кәріз:
 
Егер Сіз су құбыры және кәріз желілеріндегі, судың ағуы немесе ашық құдықтардағы штаттан тыс жағдайдың куәсі болсаңыз, дереу "Алматы Су" МКК-ның тәулік бойы қызмет көрсететін диспетчерлік қызметіне хабарласыңыз: +7 (727) 274-66-66, +7-771-852-91-01.
 
Суық сумен жабдықтау және су бұрудың барлық мәселелері бойынша WhatsApp + 7 702 100 27 65 "сенім телефоны" жұмыс істейді.
 
Электрмен жабдықтау:
 
 "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның байланыс орталығы: +7 (727) 356-99-99.
 
1-АЭЖ:
 
268-60-71, 268-60-74
 
2-АЭЖ:
 
375-25-44, 375-02-25
 
3-АЭЖ:
 
385-45-27
 
4-АЭЖ:
 
242-65-63
 
5-АЭЖ:
 
375-04-69, 375-28-00
 
6-АЭЖ:
 
272-23-66, 272-24-32
 
7-АЭЖ:
 
268-02-40, 268-02-48
 
Газбен жабдықтау:
 
Газбен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.
 
Сыртқы жарықтандыру:
 
Көше шамдарының жарамсыз болу жағдайында "Алматы Қала Жарық" МКК диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет: +7 (727) 300-75-42/41.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны