22.06.2022, 17:35 26086

"AMANAT" партиясы 140 мың гектардан астам жайылымды мемлекеттік меншікке қайтарды

"AMANAT" партиясы 140 мың гектардан астам жайылымды мемлекеттік меншікке қайтарды
НҰР-СҰЛТАН. 22 МАУСЫМ - "AMANAT" партиясының жанынан құрылған "Жер аманаты" комиссиясы пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесімен айналысады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "AMANAT" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Соңғы бірнеше ай ішінде комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды", - деп хабарлады AMANAT партиясының баспасөз қызметі.

 
Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның пікірінше, жер мәселесі қоғамдағы әділеттілік деңгейін анықтайды. 
 

Аудандарда адамдарға мал жаюға, агробизнеспен айналысуға мүмкіндік бермейтін олигополиялар бар. Жергілікті олигархтар жердің бәрін меншіктеп алып, жәйбарақат отыр. Бүгінгі таңда қоғам бос әңгіме емес, нақты нәтиже күтеді. Бұл істе Ауыл шаруашылығы министрлігінің неғұрлым белсенді болып, заңды шаралар қабылдамаған жағдайда құқық қорғау органдары әкімдерге қатысты іс қозғау үшін жергілікті атқарушы органдарға ұйғарымдар бергені жөн", - деді Айдос Сарым.

 
Қоғам қайраткері, "Серпін" Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбенов ауылда жер талан-таражға түсіп кеткендіктен, ауыл азаматтары қалаға қоныс аударуға және қалаға келген соң да үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүруге мәжбүр болып отырғанын айтты. 
 

Біз жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етуіміз керек. Мұнда сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі бар екені түсінікті. Онымен құқық қорғау органдары айналысады. Бірақ екінші жағынан қоғам алдындағы жауапкершілік, қоғамдық ұстаным да бар. Оны бүгін "AMANAT" партиясы көтеріп отыр", - деді ол. 

 
Баспасөз қызметінде комиссия құрамына Жанарбек Әшімжан, Қайнар Абасов, Артур Платонов сынды Парламент Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратура, Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері, Марат Бәшімов, Кирилл Павлов, Ғалым Байтоқ, Марат Шибұтов, Мақсат Толықбай сынды қоғам қайраткерлері мен блогерлер мүше болып отырғанын атап өтті.
 
Партияда өткен аптада "AMANAT" партиясының араласуымен Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғындары 80 мың гектардан астам жайылымдық жерге қол жеткізгенін еске салды.
 
Жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған жайылымдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ауыл әкімдері және жергілікті қоғамдастық арасындағы меморандум шеңберінде берілді. Ал мәселені жүйелі шешу үшін партия қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қол жеткізуге ниетті.
 

Атап айтқанда, жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі бюджеттік бағдарламаны облыстық деңгейден ауылдық округтер әкімдерінің деңгейіне беру, мал басын ескере отырып, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеме нормаларын жаңарту, елді мекен шекарасынан 5 км радиуста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жайылым беруге тыйым салу және т.б. қажет", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ПартияAmanat

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны