14.03.2022, 17:45 18586

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді

2022 жылғы 14 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласының әуежайынан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді.
НҰР-СҰЛТАН. 14 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 14 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласының әуежайынан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады.

Украина аумағына жүктерді қауіпсіз жеткізу үшін Қазақстан Үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келісімге келді", - деп денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.


Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды. 

Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тоннаны құрайды, оған 17 дәрі-дәрмек кіреді: антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертезивті препараттар.

Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны