23.08.2021, 14:08 6038

Қазақстанда 23 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: 137 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 22 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 743 220 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 314 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 650; 
 
Алматы қаласында – 1 615; 
 
Шымкент қаласында – 147; 
 
Ақмола облысында – 278; 
 
Ақтөбе облысында – 382; 
 
Алматы облысында – 408; 
 
Атырау облысында – 310; 
 
ШҚО–да – 158; 
 
Жамбыл облысында – 191; 
 
БҚО–да – 93; 
 
Қарағанды облысында – 913; 
 
Қостанай облысында – 291; 
 
Қызылорда облысында – 124; 
 
Маңғыстау облысында – 219; 
 
Павлодар облысында – 320; 
 
СҚО-да - 159; 
 
Түркістан облысында - 56.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 097 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 615 816 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 тамызға КВИ-ден 124 871 адам (118 989 КВИ+ және 5 882 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 30 197 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 94 674 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 944 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 518 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 312 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 22 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 8 415 өлім жағдайы тіркелген. 21 тамыз күні КВИ-ден 113 адам қайтыс болды. 
 
21 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы тіркелді, 24 адам қайтыс болды және 9 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 67 832, өлім – 4 240, сауыққандар – 57 710. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 22 тамызға I компонентпен 6 369 263 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 013 064 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны