01.11.2022, 14:08 7401

Қазақстанда балабақшаларға бірыңғай электронды кезек енгізу жоспарлануда

Қазақстанда балабақшаларға бірыңғай электронды кезек енгізу жоспарлануда
Астана. 1 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда балабақшаларға бірыңғай электронды кезек енгізу жоспарлануда. Бұл туралы сейсенбі күні Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
 

Бүгінгі таңда балабақшаларға кезек цифрлық форматқа көшірілді. Өңірлер деңгейінде кезекке қою үшін 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады, бұл кезектің қайталануына және балабақшалардағы орындардың нақты қажеттілігі туралы бірыңғай мониторинг пен деректердің болмауына әкеледі. Осы мәселені шешу мақсатында орталықтандырылған балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі", - деді А. Аймағамбетов.

 
Оның айтуынша, бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.
 
Сондай-ақ, Аймағамбетов әр педагогтің цифрлық портфолиосы енгізілетінін айтты, онда оның аттестациясы, жұмысқа қабылдау рәсімі, конкурстарға қатысуы туралы ақпарат ұсынылады.
 
Мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингтеу цифрлық форматқа көшіріледі.
 

Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, әр оқушының да цифрлық профилі енгізіледі", - деді А. Аймағамбетов.

 
Ең қажетті қызметтер толығымен Egov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді болады, деп түсіндірді спикер.
 
Сондай-ақ, 2026 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын ұсына отырып, Аймағамбетов мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі туралы айтып берді.
 

Бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгеруде. Бұл тәуелсіздік жылдарынан бастағанда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі ең үлкен өзгерістің бірі. Бұған дейін балалар 20 минуттан сабақ оқыса, енді халықаралық тәжірибені ескере отырып, тәрбие мен оқыту балалардың жас ерекшедіктеріне сәйкес, ойын арқылы жүргізіледі", - деді А. Аймағамбетов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны