31.03.2023, 12:02 61986

Бірінші сәуірден бастап Қазақстан мектептерінде бірінші сыныпқа қабылдау басталады

Бірінші сәуірден бастап Қазақстан мектептерінде бірінші сыныпқа қабылдау басталады
Биыл 1 сәуір сенбі күніне дәл келіп тұрғандықтан, құжаттар 3 сәуірден бастап қабылданады

Астана. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қаирбаева мәлім етті.

1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін жалпы орта білім беретін мектептерде бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттары қабылдануы тиіс. Алайда биыл 1 сәуір сенбі күніне дәл келіп тұрғандықтан, құжаттар 3 сәуірден бастап қабылданады. Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа 26 мыңға жуық бала келеді деп есептеліп отыр", - деді М. Қаирбаева Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, білім беру ұйымдары мектеп маңында тұратын 6 жастағы балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушыларға арналған тиісті мектептерден басқалары бірінші сыныпқа баратын балаларды ешқандай емтихансыз қабылдайды. Әр мектепте ата-аналарға көмектесу мақсатында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша комиссия құрылды.

Ата-аналар құжаттарды "Электронды үкімет" (www.egov.kz) веб-порталы арқылы немесе мектептерде қағаз түрінде де тапсыра алады", - деді басқарма өкілі.


Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін мына құжаттарды тапсыру керек: ата-ана өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы анықтама және 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.

Білім беру ұйымы ата-анадан тізімде көрсетілмеген басқа құжаттарды талап ете алмайды", - деп нақтылады М. Қаирбаева.



Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны