20.07.2021, 23:30 12881

Денсаулық сақтау министрі мектептерде офлайн оқуға оралу үшін не қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. 20 ШІЛДЕ - Кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес барысында мектептерде офлайн оқуға оралу үшін қандай шаралар қабылдау қажет екенін хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президенттің жаңа оқу жылында мектептерде оффлайн оқытуға қайта оралу тапсырмасын ескере отырып, Министрлік ДДҰ ұсынған оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін талдап, бейімдеді. 
 
Ол үшін мынадай шаралар ұсынылады: педагогтерді 100% вакцинациялау; 12 жастан асқан оқушыларды вакцинациялау; санитариялық нормаларды сақтау және карантинді енгізуге сараланған тәсіл (онлайн оқытуға ауыстыру); психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын күшейту; симптомдары болған кезде тесттен өткізу; бейінді мамандардың оқушылардың денсаулық жағдайын мониторингілеу.
 

Білім беру ұйымдары онлайн оқытуға жедел көшуге дайын болуға, оқушыларды оқыту үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға тиіс", - деп атап өтті Алексей Цой.

 
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі экономиканың барлық секторларын тарта отырып, пандемия дәуіріндегі ұзақ мерзімді өмір стратегиясының тәсілдерін айқындады.
 

Осылайша, денсаулық сақтау жүйесі ауыр және өлім жағдайларын эпидемиологиялық қадағалау мен мониторингілеуге, төсек қорының, дәрілердің дайындығына, диагностикалық тест жүйелерінің, дәрілер мен иммундық-биологиялық препараттардың жедел өндірісіне қайта бағытталуы тиіс", - деді министр.

 
Сонымен қатар, бизнес тұрақты негізде белгіленген талаптарды орындауға, өз клиенттері үшін өзін-өзі бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне бағытталуы тиіс.
 

Бақылаудың цифрлық технологияларына ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұл Ashуq жүйесі тек бизнес үшін ғана емес, барлық ұйымдардың жұмыс істеуі үшін міндетті шарт болуы керек дегенді білдіреді", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

 
Эпидемиологиялық жағдайды, Дельта штамның таралуын және вакцинациялауменмен қамтуды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты.
 
Осылайша, пессимистік сценарий бойынша 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 670 мың адамды құрайды немесе орташа есеппен тәулігіне - тамыз айында 11 мың жағдайдан жоғары. 
 
Екінші шынайы сценарий бойынша 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 555 мың адамды құрайды (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 9,0 мың жағдайдан жоғары). 
 
Оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 425 мың адамды құрайды (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 7 мыңға жуық жағдайға жоғары).
 

Оптимистік сценарийді дамыту карантиндік шараларды күшейткен және вакцинациялаумен қамтуды арттыру кезінде ғана мүмкін болады", - деп атап өтті А.Цой. 

 
Бүгінгі таңда Ashyq жүйесі белсенді енгізілуде, оған барлық қызмет салаларының 19 мыңнан астам объектісі тартылған, 4 млн. пайдаланушы тіркелген. Ashyq енгізілген сәттен бастап қызыл және сары мәртебесі бар 15 544 келуші анықталды, оның ішінде ПТР тестінің оң нәтижесі бар 8 272 науқас және 7 272 байланыста болған адам, бұл шамамен 50 мың жаңа СOVID-19 жағдайының алдын алуға мүмкіндік берді.
 
26 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы қызыл аймақта орналасқан. 20 шілдедегі жағдай бойынша ҚР-да CОVID-19 оң нәтижесімен 499 111 науқас және КВИ-мен 58 656 жағдай тіркелген.
 
19 шілдедегі жағдай бойынша елімізде инфекциялық төсектердің бос болмауы 50%-ды, реанимациялық төсектердің бос болмауы 36%-ды құрайды. Сырқаттанушылықтың өсуін және денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің артуын ескере отырып, шілдеде қосымша 10 мыңға жуық төсек-орын ашылды, резервте шамамен 21,4 мың төсек бар.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны