03.09.2021, 20:52 63252

Елордада эпидемиологиялық жағдай жақсарды

НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚЫРКҮЙЕК - Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемованың айтуынша, қалада тіркелген науқастардың саны тамыз айымен салыстырғанда 3 есе азайды. Қаланың ковидтік стационарларында науқастардың саны өткен аймен салыстырғанда азайды.
 

Соңғы аптада КВИ-дің жаңа тіркелген жағдайларының саны күніне орта есеппен 470 жағдайды құрайды (тамыздың бірінші он күндігінде 1300-ден асқан). Соңғы тәулікте 384 жаңа жағдай тіркелді. Тиісінше, стационарларға түсетін науқастар саны тамыз айының басындағы 320-дан бүгін 120-ға дейін төмендеді", – деп хабарлады ол.

 
Бүгінгі таңда 1 484 науқас инфекциялық стационарларда жатыр, жүктеме 41%-ды құрайды.
 

Реанимациялық бөлімшелердегі науқастардың саны да азайды, бүгінгі таңда мұндай пациенттердің саны 153, оның ішінде ӨЖЖ-де 33 адам жатыр. Жаз мезгілінде реанимациялық төсектер 230 және одан жоғары емделушілерді қамтыды. Аурудың деңгейі қайтадан өспеуі үшін санитарлық талаптарды сақтау және карантиндік шараларды ұстану қажет", – деп қосты спикер.

 
Сондай-ақ, ведомство өкілі жедел жәрдемге, БМСК ұйымдары жанындағы мобильді бригадаларға түсетін жүктеме азайғанын айтып өтті. Мәселен, жазда жедел жәрдем станциясына жүгіну саны тәулігіне 4 мыңға жетсе, қазір – 2 400. КВИ бойынша қоңыраулар да азайды, тәулігіне 100-120. Жазда күніне 300-350-ге жеткен болатын.
 
Басқармада КВИ-ға қарсы вакцина алғысы келетіндердің арасында колледждердің 3-4 курс студенттері мен жоғары оқу орындарының студенттерін жиі кездестіруге болатындығы айтылды.
 

Жалпы, қала бойынша вакцинациялау қарқынының артқаны байқалуда, тұрғындар өздерінің азаматтық позицияларын көбірек көрсетуде және вакцинацияланғандардың қатарын толықтырып жатыр. Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің 3-4 курс студенттері екпе ала бастады. Аға буын да жастардан қалмай, инфекциядан қорғану үшін екпе алып жатыр", – деді Ә.Рүстемова.

 
Оның мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда елордада бірінші компонентті 407 мың адам алды, яғни тиісті контингенттің 63%-ы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны