02.09.2022, 16:14 28416

Оқу жүктемесінің максималды көлемін Оқу-ағарту министрлігі анықтады

Оқу жүктемесінің максималды көлемін Оқу-ағарту министрлігі анықтады
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Оқу-ағарту министрлігі түрлі сынып оқушылары үшін оқу жүктемесінің ең жоғары көлемін анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 30 сағаттан, 6-сыныпта – 30 сағаттан, 7-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 34 сағаттан, 9-сыныпта – 35 сағаттан аспауы тиіс", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасында.

 
Сондай-ақ, сыныпты міндетті түрде топтарға бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда енгізіледі. 
 
Сыныпты екі топқа бөлу пәндер бойынша жүзеге асырылады:
 
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
 
2) шетел тілі бойынша;
 
3) цифрлық сауаттылық бойынша (1 сыныптан басқа);
 
4) көркем еңбек бойынша жүзеге асырылады.
 
Орыс тілі мен әдебиетін оқыту кезінде орыс тілінде оқытылмайтын сыныптар да 2 топқа бөлінеді.
 

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі", - делінген бұйрықта.

 
Бұйрық жобасы жария талқылау үшін 2022 жылғы 14 қыркүйекке дейін қолжетімді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны