11.10.2022, 16:22 11241

Павлодарда ұстазына балағат сөздер жазған оқушының ата-анасына айыппұл салынды

Павлодарда ұстазына балағат сөздер жазған оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Сурет: Polisia.kz
Павлодар. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Павлодарда оқушы ұстазына WhatsApp желісі арқылы балағат сөздер жазған. Кәмелетке толмағанға қатысты мұндай әрекет үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
 

Бірнеше күн бұрын Павлодар мектебінің мұғалімі полицияға жүгініп, оқушыға шағымданды. Оның айтуынша, оқушысы WhatsАpp желісі арқылы оған балағат сөздер жазған", - деп хабарлады полиция.

 
Кәмелетке толмағанға қатысты мұндай әрекет үшін ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
 
Бап бойынша оқушының ата-анасы 7 АЕК (21 441 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
 
Материал Павлодар облысының Кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
 
Биыл кәмелетке толмағандардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 33 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп нақтыланды полицияда.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны