01.09.2021, 16:52 5459

ҚР 1 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: екі өңір қызыл аймақтан шықты

НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 31 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 793 791 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 4 320 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 268; 
 
Алматы қаласында – 1 259; 
 
Шымкент қаласында – 140; 
 
Ақмола облысында – 251; 
 
Ақтөбе облысында – 263; 
 
Алматы облысында – 270; 
 
Атырау облысында – 149; 
 
ШҚО–да – 161; 
 
Жамбыл облысында – 78; 
 
БҚО–да – 68; 
 
Қарағанды облысында – 450; 
 
Қостанай облысында – 239; 
 
Қызылорда облысында – 76; 
 
Маңғыстау облысында – 250; 
 
Павлодар облысында – 260; 
 
СҚО-да - 77; 
 
Түркістан облысында - 61.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 7 207 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 680 836 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 31 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 9 402 өлім жағдайы тіркелген. 30 тамыз күні КВИ-ден 98 адам қайтыс болды. 
 
30 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 58 жағдайы тіркелді, 36 адам қайтыс болды және 19 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 69 790, өлім – 4 464, сауыққандар – 58 459. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 31 тамызға I компонентпен 6 669 969 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 438 316 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары.
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны