24.08.2021, 15:14 6832

ҚР эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 ең көп ауырғандары Алматы мен Қарағанды облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 23 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 748 851 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 5 631 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 422; 
 
Алматы қаласында – 1 505; 
 
Шымкент қаласында – 147; 
 
Ақмола облысында – 274; 
 
Ақтөбе облысында – 166; 
 
Алматы облысында – 394; 
 
Атырау облысында – 302; 
 
ШҚО-да – 173; 
 
Жамбыл облысында – 225; 
 
БҚО-да – 58; 
 
Қарағанды облысында – 860; 
 
Қостанай облысында – 272; 
 
Қызылорда облысында – 97; 
 
Маңғыстау облысында – 242; 
 
Павлодар облысында – 312; 
 
СҚО-да – 131; 
 
Түркістан облысында – 51.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 7 184 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 623 000 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
 
24 тамызға КВИ-ден 123 226 адам (117 339 КВИ+ және 5 887 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 28 577 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 94 649 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 824 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 555 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 267 пациент бар. 
 
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 120 адам қайтыс болды.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 23 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 8 512 өлім жағдайы тіркелген. 22 тамыз күні КВИ-ден 97 адам қайтыс болды. 
 
22 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы тіркелді, 23 адам қайтыс болды және 10 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 67 870, өлім – 4 263, сауыққандар – 57 720. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 23 тамызға I компонентпен 6 413 010 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 070 640 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны